Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тыңдарман «V-Alem» тобын қылығынан таниды

Тыңдарман «V-Alem» тобын қылығынан таниды

Тыңдарман «V-Alem» тобын қылығынан таниды

Олардың бойында танымал болуға қажеттінің бәрі бар: талант та, кәсібилік те, еңбекқорлық пен жігер де. Бірақ бұл бой-бэнд өкілдері өзгелерден ерекшелену үшін ғана жан алып, жан беруді мақсат етпейді. Талант пен еңбек, сүйкімділік пен шынайылық бәрібір көлеңкеден алып шығады деп сенеді. Қазақ поп-мәдениетіндегі жас топтың атауы да соны аңғартады: «V-Alem»– биікті бағындыруды көздеген топ.

 «V-Alem»-нің ұлттық поп-музыканың қазанына түскеніне жуырда бір жыл толды. Өнерлі ұлдардан құралған топтың атауындағы алдыңғы әріп «victory» – «жеңіс» дегенді білдіреді. Музыкалық ұжымның көздегені – биік: әлемге қазіргі заманғы қазақ өнерін, қазақ жастары талантының әлеуетін таныту. Топтың репертуарында әзірше алты ән бар. Әйгілі Нұртуған жыраудың «Қанекей, тілім, сөйлеші!» термесінің бүгінгі заманға лайықталған нұсқасынан бастап, Шөмішбай Сариев пен Самат Рыспанбеттің «Қазақ рухы», Самат Рыспанбет пен Жанат Серікбектің «Іздеймін сені», Азамат Тахиров пен Павел Лидің «Ғашығым» және басқа әндері тыңдармандарын тапты. Бой-бэнд әндері мазмұн жағынан сан алуан болғанымен, отаншылдық, жастық жігер, ғашықтық сезім тақырыптары бұл жігіттердің ырғағында ерекше әсерлі, бұлардың орындауында әннің бәрі жаңашылдыққа жаны құштар қыз-бозбалалар үшін бірден құмартып қаларлық дүниелерге айналады. Әндерінің барлығына заманауи сахналық би үлгілері әзірленеді.

 

Азамат Ержанұлы, топтың мүшесі:

– Өнеріміз тәй-тәй басқан бала сияқты енді-енді дамып, көпшіліктің назарына ілігіп жатыр. Репертуарымыздағы әндердің үшеуі – авторлық шығарма. Біздің ойымызша, кәсіби, шынайы өнерге ұмтылған кез келген әншінің әнқоржынында халықтың құнды қазынасы саналатын дүниелер болуы керек. Нұртуғанның «Қанекей, тілім, сөйлеші» термесін осы мақсатпен репертуарға қостық. Сондай-ақ, Самат Рыспанбеттің бірнеше әнін орындап жүрміз. Бұл – әндеріміздің көбін қазіргі заманға сай өңдеумен айналысып жүрген азамат.
Бүгінгі поп-мәдениетте бой-бэндтер де, гёрл-топтар да көп. Бәсекелестіктің заңымен жүрмесе, болмайды. Дегенмен, «V-Alem» жігіттерінде бұған қатысты үрейлену жоқ. Қашанда талант пен шынайылықтың, еңбек пен кәсібиліктің өрге сүйрейтініне сенеді. Жас әншілер музыкалық топтар санының көбейгені олардың сапасын да арттыра түседі деген пікірде. Тыңдарман өзінің сүйікті тобын қылығынан танымақ. «Мысалы, патриоттық әндерді көпшілік «міндетті түрде марш пен басқа да байсалды ырғақта айту қажет» деген пікірді ұстанады. Отан, елдік рух тақырыбындағы әндердің бәрін бұлай орындау міндетті емес. Біз осы қалыптасқан стереотипті бұзғымыз келеді. Неге патриоттық әндерді жастардың санасында жақсы қалатындай еркін стильде насихаттамасқа?!» – дейді топтың мүшесі Ардақ Салқашев.

«V-Alem»-нің өзіндік келбеті бар топ болып қалыптасуына кезінде талантты әнші, композитор, продюсер Нұрділла Сәрсенбаев, «Jado продакшн» компаниясының жетекшісі, дизайнер, хореограф, режиссер Жадыра Сахиева сияқты өнер иелері қолдау көрсетті. Бүгінде «V-alem»-діктер өздері – әнші, өздері – биші, өздері – продюсер, өздері – режиссер, өздері – актер. Солай бола тұра, бесаспап жігіттер талантты адамдармен жұмыс істеуге қарсы емес.

Жалын Тілеуберген, топтың мүшесі:

– Әр топтың негізгі мақсаты – халыққа кеңінен танылу. Біз қазір не істесек те, бәрі сол мақсаттың жолындағы шаруалар болып саналады. Басты жоспарымыз – жақсы әндеріміздің біріне бейнебаян түсіру. Ол көптің бірі түсіретін дүние болмауы тиіс. Үшеуміз де – студентпіз, Өнер академиясында оқып жатырмыз. Енді бейнебаян үшін тірнектеп қаржы жинап, ойымызды іске асыруымыз қажет. Келешекте танымал әнші аға-әпкелерімізбен дуэт орындауды да ойлаймыз.

Мамыр айының соңына таман «V-Alem» Түркияда өтетін Adana Uluslararasі Türk Dünyasі Kültür ve Sanat Festivali халықаралық фестиваліне қатысады. Әнші жігіттер бұл байқауға осымен екінші жыл қатарынан шақырылып отыр. Былтырғы фестивальде топтың өнеріне күллі түркі дүниесі қошемет білдірген болатын. Шағын топтың алғашқы жетістіктері осындай. Алар асуы әлі алда. Үш жігіттің идол-топқа айналуға бар мүмкіндігі жетеді.
Автор: Болатбек Мұхтаров

1673 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 сәуір 2012, 12:00
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 12:21

Алға, Ви-Әлем ) Маған "Қазақ рухы" деген әні өте ұнайды :) :)

+0
23 сәуір 2012, 12:24

Маған да!! 3-4 күн болд тындавотканыма

+0
23 сәуір 2012, 12:47

Жарайсыңдар! Жеңіске жете беріңдер!

+0
23 сәуір 2012, 13:34

ема қатынсымакқ топтардың қатары тағы 1-еуге артты десей :x

+0
23 сәуір 2012, 13:41

ешқандай қатынсымақ емес ауылымыздың мақтан тұтар ел азаматтары, қазақтар осы көре алмаушылықты қашан қояды екен

+0
12 қаңтар 2014, 15:33

осы бир бирин коре алмау деген кашан битеди

+0
23 сәуір 2012, 13:40

Киелі сахнаның биік шыңдарың бағындырыңдар!

+0
23 сәуір 2012, 14:17

кәрістерге ұқсайды екен стильдері

+0
23 сәуір 2012, 14:40

Өзгеше топ! Әндері қалтафонымда әлі бар! Бірақ, стилисттері болсам, бір киіммен жүргізіп қоймас ем... :roll: "Пора менять" дегендей...!

+0
23 сәуір 2012, 14:42

нәрмәлні стилі) өдеріне тән ерекше бір киім үлгілерін киіп алған, басқасы керек емес

+0
23 сәуір 2012, 15:38

нәрмәлнісі нәрмәлні! енді бір киіммен жүре бермейді ғой! Фотосессияда да, концерттерде де, корпоративкада да осы киім!!

+0
23 сәуір 2012, 18:43

омырауы ашық хиджаб кигізіп қоймаш айтеуір

+0
23 сәуір 2012, 15:56

Маған қазақстандық әншілер көп ұнай бермейді. Бірақ мына топ ұнайды. Ән айтуда ерекше стильдері бар және ең бастысы пластика бар. ))

+0
23 сәуір 2012, 18:08

Маған ұнады жігіттер!

+0
23 сәуір 2012, 18:12

өлеңдерін қайдан тыңдауға болады?бірінші рет естіп тұрмын бұл топ жайында

+0
23 сәуір 2012, 19:49

мына сайттан алсаңыз болады www.zaycev.net.

+0
23 сәуір 2012, 18:44

қазақтың "ВИАГРА"-сы ғой деп лағып кетейінші :mrgreen:

+0
23 сәуір 2012, 21:34

еркек ВИАГРАСЫ

+0
23 сәуір 2012, 21:38

:lol: :lol: :lol: әйтеуір айтпайтынды айтасыз-ау Ботик!!!)

+0
23 сәуір 2012, 19:48

Баршаңызға Аллах разы болсын!!! Тілектеріңізге рахмет!!! Бабаларымыз мына сөзді бекер айтпаған «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дейді» деген. Болатын ел болсақ жастырымызды қолдаңыздар!!! Рахмет баршаңызға!!!

+0
26 сәуір 2012, 14:36

V-alem онерлерин орге оссин!!! Елимиздин мактан етер азаматтары болындар!!!

+0
23 сәуір 2012, 21:40

Маған 2-3 ән ұнайды. Қазақ рухы әсіресе. :) Өнерлерің шыңдала берсін жігіттер!

+0
24 сәуір 2012, 17:29

Тональный крем калдыма екен магазиндерде........или барлыгын мына жигиттер сатып алды ма екен)

+0
26 сәуір 2012, 15:31

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: калдырып кеткен шығар

+0
26 сәуір 2012, 16:32

е ғыз менің інілерімді кекетпе :twisted:

+0
27 сәуір 2012, 11:10

Болат мырзадан 1-2 өлеңін алып тыңдап едім, нәрмәлні сияқты. Жігіттер, алға деймін!!!

+0
12 қаңтар 2014, 15:32

мен бул топтан Жалын Тилеубергенди гана таныймын! Издеймин сени олени унайды! бирак тагы олендери бар ма! тым аз

+0
12 қаңтар 2014, 15:34

respekt V-alem!! :mrgreen:

+0
12 қаңтар 2014, 16:51

тынған әншісымақтар 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...