Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Бибігүл Төлегенова - қазақтың бұлбұлы

Бибігүл Төлегенова - қазақтың бұлбұлы

Бибігүл Төлегенова - қазақтың бұлбұлы

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, педагог, опера әншісі (колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі, «Социалистік Еңбек ері» атағының ең жоғары дәрежесін иеленген.

1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі скрипкада ойнап, анасы ән салған жанұяда әрқашан әуезді әуен естілген. Бірақ 1937 жылы әкесі Ахмет қамауға алынып, із-түзсіз жоғалып кетті.

Кешкі мектептің 7 сыныбында оқитын Бибігүл еңбекке ерте араласып, аурушаң анасына қолғабыс болып, ет комбинатының клубына киномеханик болып орналасады. Әнсүйер қыздың басты мақсаты жұмыс барысында өнерге жақын болып, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу еді. Алайда, 1945 жылы үйдегі қаржы мәселесінің қиындауына байланысты ол ет комбинатының темір-қалбырлық цехына ауысады.

Ұлы Отан соғысында Семейге, сондай-ақ, Қазақстанның барлық қалаларына Астанадан ғалымдар, әдебиетшілер, музыканттар көшірілді. Көркемөнерпаздар көрсетілімдерінің бірінде Бибігүл Төлегенованы кеңес жазушысы Г. И. Серебрякова байқап, оған алғашқы музыка сабақтарын берді.

1951 жылы Алматы консерваториясының студентін Қазақ радиосы солист болуға жұмысқа шақырады. Ал 1954 жылы ұстазы Н.Н. Самышиномен бірге Бүкілодақтық вокал конференциясына қатысу үшін Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) аттанады. Бұл шара Бибігүлдің өнердегі жолын ашады.

1954 жылы консерваторияны аяқтаған соң, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының труппасына қабылданып, екі жылдан соң, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің әншісі болады. 1971 жылға дейін Бибігүл Төлегенова оркестрмен бірге Қазақстан мен Кеңес Одағының бар аймағын гастролдік сапармен аралайды.

1958 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістерінің байқауында лауреат атанып, 1967 жылы 6 маусымда «КСРО халық әртісі» атағын иеленеді.

1971 жылдан бері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті.

Бибігүл Төлегенованың партиялары:

Римский-Корсаков «Ақшақар» - Ақшақар

Верди «Риголетто», «Травиата» -  Виолетта, Джильда

Россини «Севильский цирюльник» - Розина

Доницетти «Дон Паскуале» - Норина

Брусиловский «Қыз Жібек» - Қыз Жібек

Рахмадиев «Алпамыс» - Гүлбаршын

Жұбанова «Еңлік-Кебек» - Еңлік

 

1991 жылдың 21 желтоқсанында КСРО Президентінің қаулысымен Бибігүл Төлегеноваға музыка өнерінің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін Ленин атындағы ордені және «Балға мен орақ» медалімен қатар Социалистік Еңбек ері атағы берілді.

Жоғары Қазақ Кеңесінің 7-9 шақырылымының депутаты.

1980 жылдан бері Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы, профессор.

Еңбек Қызыл ту орденімен (3.01.1959 ж), Ленин атындағы орденмен екі мәрте марапатталған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970), Күләш Байсейітова атындағы Қазақ КСРО мемлекеттің сыйлығының лауреаты (1966).

Астана қаласының құрметті азаматы.

14355 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 15 желтоқсан 2011, 23:15
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2012, 17:48

menyn suykty anwym

+0
24 ақпан 2012, 17:49

өмір жасы ұзақ болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...