Шакира ұлының суреттерін көрсетті

Шакира ұлының суреттерін көрсетті

Кішкентай бүлдіршіндерін жұрт көзінен тасада ұстайтын жұлдыздарға қарағанда Шакира мен Жерар Пике ұлдары Миланның қызықты суреттерін жариялаудан қашпайды. Және суреттерден байқағанымыздай, бүлдіршін әкесінің қызығушылығын бойына сіңіріп өсіп келе жатқандай...

Өзге әлемдік жұлдыздар папарацциге қолданылатын заңнын күшеюін талап етіп жүрсе, әнші Шакира мен оның сүйіктісі футболшы Жерар Пике өздерінің Instagram парақшаларына өмірлерінің мәні болып жүрген 10 айлық ұлдары Миланның қызықтарын жариялап әуре.

Өткен демалыста жұлдызды отбасы серуенге шығып, жанкүйерлеріне бақытты шақтарынан фотоколлаж ұсынды. Онда Миланның жарқын күлкісі мен екі бақытты ата-ананы көруге болады. Жанкүйерлер бірден кішкентайдың кімге тартқанын талқыға салып, "ұнатушылар" саны миллионнан асып кетті. Бүлдіршінді бірі анасына ұқсатса, бірі әкесіне ұқсатып жатты.

Ал абыройлы әке, «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике ұлының футбол матчын көріп отырған сәтін жариялап, тағы бір футболшы өсіп келе жатқан сияқты деп болжады.

Милан болашақта әнші болса да, футболшы болса да, қазірдің өзінде оның жанкүйерлер саны артып келеді.

Сурет: woman.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina