Танымал білім ордаларының танымал студенттері

Танымал білім ордаларының танымал студенттері

17 қараша дәстүрлі студенттер күні болып есептеледі. Осы мейрамға орай, танымал жұлдыздардың қандай жоғары оқу орындарында білім алғандарын анықтап көрейік.

Әлемдегі ең танымал ЖОО бұл – Гарвард екені мәлім. Американың біраз президенті осы оқу ордасында білім алған, соның ішінде қазіргі президент Барак Обама да осы университет қабырғасының түлегі. Бірақ Гарвард атақты саясаттанушыларымен ғана мақтана алмайды, әр жылдары одан Марк Цукерберг, Дэвид Рокфеллер, сонымен қатар танымал голливуд жұлдыздары – Мэтт Дэймон, Дарен Аронофски және оның музасы Натали Портман түлеп ұшқан.

Стенфорд түлектерін бәрі тани қоймаса да, Google, Yahoo, Kodak және Apple сияқты ірі компаниялардың негізін қалаған, қазірде миллионерлер осы оқу ордасын тәмамдаған. Бірақ Стенфорд Риз Уизерспундай елге танымал жұлдызымен де мақтана алады, алайда ол мұнда тек бір жыл ғана оқыған.

Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын қызыл дипломмен бітірген Жанар Дұғалова алған білімін шығармашылығында кеңінен пайдаланып жүр. Ол өзі жазған әндеріне сөз жазады, актерлік қабілеті де жоғары деңгейде. Сонымен қатар, әр жылдары бұл университетті қазақстандық өнер майталмандарынан киносыншы Гүлнар Әбікеева, режиссер Абай Қарпықов, актер Димаш Ақымов және әнші Әсем Көпбаева тәмамдаған.

Ресейдің көптеген танымал жұлдыздарының бағын ашқан Ресей театр өнері университетін (ГИТИС) жақында Мақпал Исабекова да бағындырып қайтты. Ол онда актерлік шеберлікке оқып, болашақта қазақстандықтарға актерлік қырынан да танылмақшы.

Алайда, егер сіз жоғары білім алмаған болсаңыз, қам жемеңіз, өйткені ел қатарлы сезінуге толық негізіңіз бар. Анджелина Джоли, Джонни Депп, Шарлиз Терон, Джуд Лоу және Деми Мур университет бітірмесе де, өмірде де, өнерде де өз орындарын тапқан майталмандар.

Сурет: archi.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina