Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Алматының ең сұлу студенті

Алматының ең сұлу студенті

Алматының ең сұлу студенті

Алматы ең әдемі студент бойжеткенді таңдады. Бұл атқа Халықаралық Бизнес Академиясында (UIB) оқитын Зарина Низамутдинова ие болды.

"Студенттік ару – 2013" байқауының ұйымдастырушылар тарапынан қойылған шарты бойынша, қатысушылардың "007 агенттегі" қыздардың рөліне кіріп, өз-өздерін актерлік сында байқап көруі керек болған. Олар осы образдары арқылы Бондтың сүйіктісін сомдады.

Байқауға қатысқысы келген біршама студент қыздардың арасынынан 19 бойжеткен таңдалған. Әр жоғарғы оқу орындарының атынан намыс қорғауға бел буған арулардың ақтық мәреге тоғызы жолдама алған. Шараның бас ұйымдастырушысы Денис Лазаревтың айтуынша, қыздар дайындық кезінде аздап жалқаулыққа салынып, біраз дайындық шараларында бой көрсетпеген. «Қорытындысына келгенде, байқауда көптеген қателіктер мен кедергілерге жол беріп қойдық. Әйткенмен, қолына тапанша ұстаған қара қалпақпен сахнаға алғашқылардың бірі болып көтерілген сұлудың образы өте әдемі болды», - дейді ұйымдастырушы Денис Лазарев.

«Мен Бондтың құрбысы болмас едім. Өйткені мен өзіммен-өзім болғым келеді. Жалпы, Бонд деген кім ол? Ол көп ішеді және үнемі құмар ойындармен айналысады. Оның қызбен қарым-қатынасының көбі сәтсіз аяқталған», - дейді 17 жасар Даяна Михлина.

«Сымбат» Академиясының студенті Анара Лебаева «Студенттік вице-ару» атағына лайық деп танылды. Ол да Бондың сүйіктісі болып ойнаған рөліне байланысты былай дейді: «Ол ешқашан әйелдермен салмақты араласпаған және оларды жиі ауыстырып отырған. Мен сондайлардың бірі ғана болғым келмейді. Мен одан да жақсыға лайықпын».

Ал Алматы техникалық университетінің студенті Әсел Мамиляға Бондтың сүйіктісі болып ойнау ұнапты. Өйткені ол сондай стресті жағдайларды жақсы көреді екен.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер Зарина Низамутдинованың vk.com-дағы жеке парақшасынан алынды

5134 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 маусым 2013, 17:31
Пікірлер
+0
13 маусым 2013, 17:26

терең күрсіндің ғой )))

+0
13 маусым 2013, 18:47

Әдемі, бірақ осындай конкурстар ұнамайды ((

+0
13 маусым 2013, 22:29

сізге келісемін, Ұнататын ештемесі жоқ, бұл қазақ қыздарының әдемілігін құртады................

+0
13 маусым 2013, 19:20

әдемілігінен тілге келмей қалдым :?

+0
22 маусым 2013, 22:35

онша емес оданда әдемілері бар мынау орташа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...