Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Менің періштем, менің барым, менің менім..."

"Менің періштем, менің барым, менің менім..."

Заманының заңғар тұлғасы, музыка тарихындағы ұлы әрі қайталанбас композитор Бетховеннің "Ай сонатасы" деген атқа ие болған шығармасы Джульетта Гвиччарди бойжеткенге арналған. Қыз жас композитордың жүрегін жаулап алады да, артынан сатқындық жасау арқылы ондырмастай етіп көңілін қалдырады. Оны "неткен қатал жан?" деп айыптауға асықпаңыз. Себебі, жан дүниеңді шымырлатар, жүрегіңді жібітер осындай туынды үшін күллі адамзат қауымы Джульеттаға қарыздар...

Оқиға туралы білмес бұрын "Ай сонатасын" құлақпен емес, жүрекпен бір тыңдап алыңыз.

Людвиг ван Бетховен (1770–1827) Бонн аталатын неміс қаласында дүниеге келген. Болашақ композитордың балалық шағы қиындыққа толы болды. Дөрекі, озбыр әкенің ұлының музыкалық талантын дүниеқоңыздық мақсатына пайдаланғысы келгендігі тәкаппар әрі тәуелсіз жеткіншекке ауыр тиді. Кішкентай Людвигті таң атқаннан кеш батқанша клависиннің алдына отырғызып қойған надан әке оған балалық шақтың керек екендігін ойламады. Бетховен сегіз жасында бұқара халыққа концерт беріп, ең алғашқы табысын тапты, ал он екі жасында скрипка мен органеде еркін ойнайтын болды. Біреулер үшін бұл үлкен жетістік болып көрінгенімен, жалғыздық пен бейшаралықтың дәмін татып жүрген бозбалаға бақыт емес еді.

Дәл осындай күңгірт шақта оның өмірінде ақылды, мейірімді тәрбиеші Кристиан Готлиб Нефе пайда болады. Дәл осы кісі балаға табиғатты, өнерді түсінуді үйретті, адам өмірінің иірімді-қатпарлы жолдарына тәрбиеледі. Нефе Людвигке ежелгі тілдерді, философияны, әдебиетті, тарихты, этиканы оқытты. Нәтижесінде Л. Бетховен терең ойшыл, бостандық принциптерін жақтаушы, гуманизм сүюші, адамзаттың теңдігі үшін күресуші болып қалыптасты.

1787 жылы жас Людвиг Боннды тастап, Венаға аттанады.

Театрлар мен шіркеулерге, көше оркестрлері мен махаббат серенадаларына толы таңғажайып Вена жас ойшылдың жүрегін бірден жаулап алды. Бірақ бұл ғаламат сезім ұзаққа бармады. Музыкант осы қалада есту қабілетінен біржола айырылып қалады: о баста дыбыстар оған күңгірт естіле бастайды, кейіннен көптеген естілмей қалған фразаларды қайталап сұрайтынды шығарады, соңында мүлде естімейтін болып тынды. Ол өзінің досына: "Мен аянышты әрі ащы халді бастан кешіп жүрмін. Мен кереңмін. Менің жағдайымнан асқан сұмдық нәрсе болмайды... Шіркін-ау, осы дерттен айықсам бүкіл әлемді құшақтар едім!", - деп жазды.

Кереңдіктің уайымына батып жүрген Бетховеннің өміріне жас ақсүйек, итальяндық Джульетта Гвиччардимен (1784–1856) болған таныстық үлкен өзгерістер әкеледі. Джульетта бай әрі беделді Гвиччарди графтың қызы еді. Ол Вена қаласына 1800 жылы келген. Он жеті жасар бойжеткеннің өмірге деген құштарлығы, ажары отыз жасар композитордың жүрегіне шоқ салады. Бетховен достарына ес түссіз ғашық болғандығын бірден айтады. Және қыздың да кетәрі емес екендігіне, оның бойында да тура сондай нәзік сезімдердің бар екендігіне шын сенімді болды. Ол өзінің бір хатында: "Бұл ғажап қызды қатты сүйемін және ол да мені сүйеді. Оның арқасында болып жатқан мендегі өзгерістерге қатты таңырқаймын" деген екен.

Бетховен бірнеше айлардан кейін Джульеттаға өзінен тегін фортепиано сабақтарын алуға ұсыныс жасайды. Қыз қуана-қуана келісіп, ұстазына сыйлық ретінде қолымен тоқыған бірнеше жейделерді әкеліп береді. Бетховен өте қатал мұғалім еді. Джульеттаның ойнағаны ұнамаса, барлық ноталарды еденге лақтыратын, ұстаз ашуынан шошынған қыз қорыққанынан сол қағаздарды жинаумен болатын.

Осыдан алты ай өтісімен, композитор өлімінен кейін "Ай сонатасы" аталып кеткен жаңа туындыны жазуға кіріседі. Ұлы махаббат пен таңқалыстан, үкілі үміттен туған шығарма Гвиччарди графинаға арналған.

О баста ыстық сезімдермен басталған шығарманың соңы ашу-ызамен, үлкен өкпемен жазылды. Алып-ұшпа қыз музыкаға әуестеніп, өзінше ерекше туындылар жазып жүрген он сегіз жастағы Роберт фон Галленберг графпен махаббат құрып кетеді. Алайда қыз оны Бетховенге мойындамай, ел аузындағы өсекті жоққа шығаруға тырысады. Жалғандыққа шыдамаған Бетховен шәкіртінен енді келмеуін өтінеді. Бұл туралы компазитор: "Мен оны лайық көрмедім. Егер мен осы махаббатқа өмірімді арнайтын болсам, менде не бекзадалық қалар еді?", - деп еске алады. Ал ақсүйек-шәкірт Галленбергке тұрмысқа шығып, Венаны тастап, Италияға кетеді.

Жаны күйзелген Бетховен 1802 жылы Венадан Гейлигенштадт жеріне қоныс аударады. Ол осы жерде атақты «Гейлигенштадтское завещание» деген шығармасын жазған. "О, адамдар! сендер мені жауыз, бірбеткей, тәрбиесіз деп ойлау арқылы маған әділетсіз қарайсыңдар... Сендерге мұның сыры мәлім емес. Мен бала кезден бері нәзік сезімге, мейірімділікке бейіммін, мен әрқашан ұлы істрге дайын болатынмын. Алайда, өздерің ойлап көріңдерші, мен алты жылдан бері заһарлы халдемін... Мен мүлде керенмін..."

Қорқыныш пен үміттің сөнуі компазиторға өзіне қол жұмсау туралы ойларды салады. Бірақ, Бетховен бар күшін жинап, жаңа өмір бастауға бет алды. Және тас керең күйінде ұлы туындыларды дүниеге әкеліп, музыка үшін ерен еңбек етті.

Бірнеше айлар өткеннен кейін Джульетта Аустрияға оралып, Бетховеннің пәтеріне соғады. Ол өткен-кеткенді, ұстаздан тәлім алған тамаша сәттерді есіне алып әбден жылайды. Өнер сабақтарын ғана емес, өмір сабақтарын берген ұстазын қатты ренжіткенін түсінеді. Бетховен оған сондай немқұрайлы, сондай немқұрайлы, суық болып көрінеді. Ол шын мәнінде компазитордың жүрегінде не болып жатқандығын білмеді. 

Сүйіктісін көңілінен, ойынан шығарғысы келген компазитор көптеген әйедермен кездесе бастайды. Әйелдер оның бетінен аз қақпады. Жозефина Брунсвик, Тереза есімді әйелдер оның ұсынысын қабыл алмайды. Тіпті бір күні веналық театрдың әртісі түрінің ұсқынсыз екендігін бетіне басады.

Тым шыншыл және ашық, екіжүзділікке жаны қарсы Бетховенді көп адамдар дөрекі әрі тәрбиесіз санайтын, жақтыртпайтын. Алайда, ол тек қана әділдік жолымен жүрді.

1826 жылдың күзінде Бетховен науқастанып қалады. Үш бірдей ауыр ота, емдеу жұмыстары композиторды аяғынан тұрғыза алмады. Ол қыс бойы керең күйінде төсектен тұра алмай жатты. 1827 жылдың 24 наурызында музыка майталманы Людвиг ван Бетховен жарық дүниені тастап кете барды. 

Оның өлімінен кейін жазу үстелінен "Өлмес махаббатқа" деген тақырып қойылған хат табылды. Онда: "Менің періштем, менің барым, менің менім... Мынау неткен өмір? Сенсіз! Сондай жақын! Сондай алыс! Саған деген... саған деген... саған деген қандай сағыныш пен көз жастар, менің өмірім, менің барым..." деген жолдар бар.

Көп адамдар бұл хаттың кімге жолданданғандығы хақында дауласқан болатын. Алайда, хаттың жанынан табылған Бетховеннің сүйіктісінің кішкентай ғана портреті хат қожайыны Джульетта Гвиччарди екендігін нұсқап тұр.

Кім білсін, осы баянсыз махаббат болмағанда "Ай сонатасын" бүгін тыңдап отыра алар ма едік?...

 

Суреттер: easysmart.ru,peoplehistory.ru,vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4227 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 маусым 2013, 13:19
Пікірлер
+0
04 маусым 2013, 18:55

Махаббат тағы сәтсіздік ұлылыққа жетелейді. Әттең

+0
05 маусым 2013, 09:36

"лунная сонатаның" тарихын білген соң басқаша әсер етті

+0
05 маусым 2013, 10:35

Осыдан алты ай өтісімен, композитор өлімінен кейін "Ай сонатасы" аталып кеткен жаңа туындыны жазуға кіріседі.????
түсінбедім мына сөздерді? Кім өледі? композитор өлсе , кім жазады?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...