Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / 20 мамыр – Әнуар Молдабековтың туған күні

20 мамыр – Әнуар Молдабековтың туған күні

20 мамыр – Әнуар Молдабековтың туған күні

Бүгін қазақ өнерінің саңлағы, театр және кино актері Әнуар Молдабековтың өмірге келген күні.

Әнуар Молдабеков 1938 жылы мамырдың жиырмасы күні Алматы облысының Іле ауданында Комсомол совхозында өмірге келген еді. Әнуарға әке-шешесі Андрей деп ат қойған. Бірақ кейіннен жұрт оны Әнуар деп атап кетті. Әнуар өзінің саналы ғұмырында талай өнер белестерін бағындырды. 1967 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып, 1976 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алды. Әнуар балалық шағынан бері қолына домбыра ұстап ап, ән айтуда армандаған. Оның сурет салатын қабілеті де болған көрінеді. Бірақ оны өмір жолы өнер жолына алып келді. 1956 жылы консерваторияның драма бөліміне оқуға түседі. Әйткенмен ол жерде бір оқытушының көңілге қонбайтын бір әрекетін бетіне басқаны үшін оқудан шығып қалған. Оған жасымаған Әнуар Әзірбайжан Мәмбетов «Жаңа студия ашып жатыр екен» дегенді естіп, сонда барады. Сөйтіп 1958 жылы Әзербайжан Мәмбетовтің студиясына қабылданып, екі жылда бітіріп шығады.

Ол алғаш рет Қарағанды төрінде сахнаға қадам басады. Сонда жүріп өзімен бірге оқыған дарынды актриса Баян Имашеваға үйленді. Екеуі қос қыз, бір ұл сүйді. Сол Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдайды.

Әнуар 1964 жылы Алматыға оралады да, М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрына жары Баян екеуі қабылданады. Оның қалған өмірінің бәрі осы шаңырақта, осы қалада жалғаса берді. Әнуардың есімін халық арасында танылуы оның 1965 жылы жарық көрген «Ән қанатында» деген кинофильмдегі ойнаған рөлінен басталды. Ол Жаяу Мұсаның жоғары деңгейде жақсы алып шыққаны үшін Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Осы рөлінен кейін оның аты көпке жайылды. Кино мен театрда жарқын-жарқын рөлдерді сомдап, өзінің актерлік қабілетін де шыңдай берді.

Әнуар Молдабеков бұлардан бөлек А. Чеховтың «Ваня ағайындағы» бас кейіпкер Иван Войницкий ролін ойнады. Бұл спектакль Мәскеуде де үлкен жетістікке жетіп, жылы лебіздер айтылды.

Бүгінгі халық кешегі Еламан мен Шегені ұмытқан емес. Олардың есімдері үнемі біздің санамызда жаңғырып отырады. Қазақ театр өнері мен киносының аты аспандаған сайын олармен бірге осындай ұлы дарынды актерлердің де есімі ерекшеленіп тұрмақ.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: alashainasy.kz, jasqazaq.kz

4183 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 мамыр 2013, 11:29
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...