Майк Тайсон мультфильм кейіпкері болмақ

Майк Тайсон мультфильм кейіпкері болмақ

Аты аңызға айналған Темір Майк мультхикаяның қаһарманы болмақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлап отыр.

«Майк Тайсон жұмбағы» ("Загадки Майка Тайсона") атты мульхикаяда экс-чемпион детективтің рөлін ойнайды. Бас кейіпкердің магиялық мүмкіндіктері бар. Мультфильмде Тайсонның серігі бар – сөйлейтін көгершін. Сонымен қатар, Тайсон кейіпкерінің бетіндегі татуировканың да сыйқыр күші бар екен.

Әр жаңа хикаяның құпия заңсыздықтарды әшкерелеп, адам сенгісіз тапсырмаларды орындайды. Жоба сюжеті әлі де құпия сақталып отыр. Десек те, мультхикаяның біреуінде басты қаһармандар суперкомпьютерді шахмат ойыны бойынша жеңуге тырысатын болса, екіншісінде тылсым күші бар жазушының құпиясын ашады.   

Естеріңізге сала кетсек, Майк Тайсон шын мәнінде де кептер асырайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ikirov.ru

А. Құлтай