Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / 29 сәуір – Ахмет Жұбановтың туған күні

29 сәуір – Ахмет Жұбановтың туған күні

29 сәуір – Ахмет Жұбановтың туған күні

29 сәуір күні би өнері мен музыканың қатар астасқан күні. Өйткені дәл осы күнді бүкіл әлем халықаралық би күні ретінде атап өтеді. Ал біз қос мерекені де бей-жай қалдырмаймыз:

1906 жылдың 29 сәуір күні қазақ музыкасының Гималайы – Ахмет Жұбанов өмірге келді.

Ол – қазақ музыкасының зерттеушісі, көрнекті ғалым, әрі әйгілі композитор. Дирижерлік өнері де бір төбе. Ахаңның өмірге келгендегі "іңгәлаған" даусын естіген өлке – Ақтөбе облысы, Темір ауданы. Ахмет Жұбанов Қазақстанның халық әртісі атағын 1944 жылы алды. Ал 1943 жылы өнертану ғылымының докторы болды. Профессор және академик атағы да жоқ емес. Ахмет Жұбанов қазақ музыкасының тұғырын биіктетіп, оның дамып, өркендеуіне өзінше үлес қосты. Табиғат берген дарыны мен музыкалық білімі оны биіктерге жетеледі. Ал өзі қазақ музыкасын жетектеді. 

Біраз білімді бойына сіңірген жас Ахмет 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы қадамнан оның өмірлік жеңістері мен жемістері басталады. Ол музыка саласында тер төгіп еңбек етті. Өйткені өз ісінің маманы болған Ахмет музыканы жанымен сүйді. Музыкаға деген өзгеден ерен махаббаты оны үнемі шабыттандырып отырды. 

Ахметті сазға құмар қазақтың әр қарадомалағы үлгі тұтты. Соңынан қаншама дарынды шәкірт ерткен ұстаз өз ісіне адал болды.  

Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.

Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы» тағы басқалар. А. Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.

2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай композитор жайлы деректі фильм түсірілді. "Ахмет Жұбанов" деп аталатын фильмнің режисері – Қ.Омаров. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: www.baq.kz

2340 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 сәуір 2013, 11:57
Пікірлер
+0
29 сәуір 2013, 10:07

қазақ музыкасының Гималайы – Ахмет Жұбанов өмірге келді!

+0
29 сәуір 2013, 10:24

Қазақ өнерінің майталманы - Ахмет Жұбанов!

+0
29 сәуір 2013, 10:35

Мен үшін Ахмет Жұбановтың орны ерекше. Мен ол кісінің атындағы мектепті бітірдім. Бүгінде Ахмет Жұбановтың әндерін айтамын.

+0
29 сәуір 2013, 10:51

Ұлылар өмірге келген күн!!!

+0
29 сәуір 2013, 11:33

Талай өлеңін кішкентай кезімде анама қосылып айтушы едім.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...