"Алдаспан" тобы салауатты өмір салтына шақырады!

"Алдаспан" тобы салауатты өмір салтына шақырады!

Осы жылдың 7 сәуірі күні Алматы қаласы, ҚР Тұңғыш президент саябағында 12:00-ден 16:00-ге дейін "Қысымсыз өмір - еркіндік" атты акция өтеді. Акция бүкіләлемдік денсаулық сақтау күніне орай ұйымдастырылғалы отыр. Осы күні саябақта бірнеше көмек көрсету орталығы жұмыс істейтін болады. Акцияға қатысатын әр адам өз денсаулығын, қан қысымын тексертіп, психолог не дәрігермен кеңесе алады. Алматы қалалық салауатты өмір салты орталығының директоры Г. Сүлейменованың айтуынша, жастардың көбі қандай да бір аурудың алдын алуды біле бермейді. Сондықтан, бұндай акциялар керек-ақ.

Акция барысында "Алдаспан" рок-тобы да өнер көрсетеді. Кіру тегін. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: aldaspan.com

М. Оңғарова