Италияндық LEGO - музыкалық тобын құрды

Италияндық  LEGO - музыкалық тобын құрды

Балаларға арналған LEGO конструкторынан жоғарытехнологиялы интерактивті қондырғы жасап шығару мүмкін бе? Сөйтсек, мүмкін екен. Джузеппе Ачито есімді италияндық музыкант продюсер LEGO-құрылымын жаңа кезеңге алып шықты.

Ол шағын пластиктерден “Toa Mata Band” - толыққанды құрылымдық музыкалық топ жасап көрген. Топтың әр мүшесі бірнеше аспапқа синхронды ойын түрінде бағдарланған. Әр "музыкантшы" “LEGO Bionicle pieces" топтамасының арқасында дүние есігін ашқан екен.

MIDI-синхронизатор қосымшасы іске қосылған iPad планшетіне жалғанған "Arduino Uno" процессоры әр іс-қимылға жауап беріп отырады. 

Сүйкімді орындаушылар көп дауысты композицияларды өздеріне еншілі аспаптармен ойнайды. Ақиқат өмірде оператордың (адам) тікелей көмегі арқасында барлық жүктемелерді орындауға бейім.

сурет:tabik.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига