Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Алтын бесік" - "Қоңыр" тобының алғашқы әндерінің бірі

"Алтын бесік" - "Қоңыр" тобының алғашқы әндерінің бірі

«Алтын бесік» әні халық сазын жаңғыртып жүрген «Қоңыр» тобының бағын ашты десек, артық болмас.

«Қоңыр» этно тобының орындауындағы «Алтын бесік» әні жазылған бойда тыңдармандардың ерекше сүйіспеншілігіне ие болды. Ән халық арасында кеңінен таралған соң, осы атпен «Қоңыр» тобының алғашқы күйтабағы жарыққа шығып, бейнебаян түсірілді. Туған жерге деген сағыныш сезіміне толы әннің мәтіні мен әуенінің авторы - ақын әрі сазгер Жәудір Артықбаева.

Автордың айтуы бойынша, ән ойда-жоқта өмірге келген. Жәудір Артықбаева жұбайы Мархабат Мықтыбековпен бірге («Қоңыр» тобының әншісі) қызмет бабы мен отбасылық жағдайларға байланысты туған өлкесінен жырақта орналасқан Алматы қаласына қоныс аударады. Күндердің күнінде Жәудір Артықбаева ауылды еске алып, балалық шағында түсірілген фотосуреттерге толы отбасылық альбомды ақтара отырып, туған бауырымен бірге түске фотосуретке көзі түседі. Фотосурет бала кездегі бейқам күндер мен ауыл өмірін еске түсіреді. Жүрегін туған өлкеге деген ыстық ықылас пен сағыныш сезімдері кернеген сазгер әуелі әннің әуенін дүниеге әкеледі. Кейін өткен күндерге көз жүгіртіп, алыстағы ата-ана, бауырларын аңсап, ән сөзін жазады.

«Алтын бесік» әнінің алғашқы орындаушысы - автордың жолдасы әнші Мархабат Мықтыбеков болды. Әу баста, ол әнді домбыра сүйемелдеуімен жеке орындауда айтып жүрді.

Кейін Сержан Молдасанұлының ықпалымен «Қоңыр» этно тобы құрылды. «Алтын бесік» әні жаңа топтың репертуарынан орын алды. Ән бірден халықтың ерекше пейіліне бөленіп, үлкен сұранысқа ие болды. Арада біраз уақыт өткен соң, «Алтын бесік» әніне бейнебаян түсірілді. Бейнебаянда ауылдың тыныс-тіршілігі, бітім-болмысы, алаңсыз балалық шақ бейнеленеді.

Алтын бесік

Әні мен сөзін жазған Жәудір Артықбаева

Орындаушысы «Қоңыр» этно тобы

 

Шөбі майса, жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен жер,

Жаңбыр жауса лай-батпағын жалаңаяқ кешкен жер.

Алқам-салқам қой қайырып, тай құлынмен ілескен жер,

Қарның тойса, құрбыңды аңдып қайғы көрмей өскен жер.

Қайырмасы:

Жұмақ мекен туған жер-ай,

Мың жаялық жуған жер.

Құрт ұрлатқан қалтадан, беу,

Шын балалық думанды ел.

 

Көше бойлап, асық ойнап,, мәре-сәре болған жер,

Көже қайнап, көзім жайнап кеудем нұрға толған жер.

Жантақ, тікен қаптаса да, бұл – мен үшін орманды ел,

Көп армандап сол орманға бала қиял қонған жер.

 

Қайырмасы:

Жұмақ мекен туған жер-ай,

Мың жаялық жуған жер.

Құрт ұрлатқан қалтадан, беу,

Шын балалық думанды ел.

Құр қалдым деп дүмбілден,

Қуаласып жүгірген.

Қайран, қамсыз бала күнің,

Қайрылмасын кім білген?

 

Жер аударып, арықты алып, ұрық, дәнек сепкен жер,

Бел аңғарға шабыттанып құрық салып кеткен жер.

Тұңғиыққа малти алмай, жүзсек сүңгіп шөккен жер,

Әуре-сарсаң, әбігер боп, әткеншегін тепкен жер.

 

Суреттер: kaz-patriot.kz

 

36382 19
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
11 наурыз 2012, 16:36

қоңыр тобының жариям айдай,молдабай,шалабек әндерін қайдан алсақ болады а?

+0
11 наурыз 2012, 16:38

Ой, ол менің күнде тыңдайтын әндерім ғой. Өткен жылы "Қоңыр" тобының екінші күйтабағы жарыққа шыққан-ды. Өкінішке орай, ол әндерді ғаламтордан таба алмайсыз. Сондықтан да, жақын арада орналасқан музыкалық дүкендерге жол тартыңыз)))

+0
11 наурыз 2012, 16:39

қоңыр тобы өте жақсы ұнайды. Сержан аға тағы да топ құрып жас аншілермен жұмыс жасау ойында жоқ па екен?менің Сержан ағамен жұмыс жасағым келеді.

+0
11 наурыз 2012, 16:41

Альбина, сіздің өнерге үлкен қатысыңыз бар-ау, шамасы. Сырнай тартасыз, ән де саласыз. Жарайсыз! Тіл-көзден сақ болыңыз! Өнеріңіз өрге қарай домаласын!

+0
11 наурыз 2012, 16:40

сізде өзіңіз де жоқ па?маған интернет.майл ру арқылы болса да жіберетін?

+0
11 наурыз 2012, 16:42

Жақсы, жіберейін))

+0
11 наурыз 2012, 16:42

амин!рахмет!

+0
11 наурыз 2012, 16:42

ой рахмет сізге Аллах разы болсын!

+0
11 наурыз 2012, 16:52

егер майл.ру керек болса aleka_8a@bk.ru рахмет!

+0
11 наурыз 2012, 16:54

Жақсы, рахмет! Жақын арада жіберемін))

+0
11 наурыз 2012, 16:54

рахмет!

+0
11 наурыз 2012, 17:02

ой рахмет! шалабек жок па?

+0
11 наурыз 2012, 17:03

Ол туралы хатымда жазып кеттім ғой))

+0
11 наурыз 2012, 17:04

м ия кордим.рахмет!

+0
11 наурыз 2012, 17:44

Қыз бен жігіт Тараздікі ме? Әнді жақсы айтады ғой

+0
11 наурыз 2012, 17:56

Мархабат аға мен Жазира Тараз өңірінен (Жамбыл жерінен, қателеспесем), Бауыржан болса, Шымқаладан ғой

+0
11 наурыз 2012, 17:47

"Туған жер" керемет ән! Өзімнің туған ауылым еріксіз еске түседі. "Қоңыр" тобы әнді нақышына келтіре орындайды. Бірақ топтағы жас жігіттің дауысы біртүрлі ұнамайды, Жазираның дауысы әдемі. Осы топтың Айдай әні кімде бар екен??

+0
11 наурыз 2012, 17:49

Әннің аты "Алтын бесік" екен ғой))) Әй, бірақ не де болса жақсы ән!!

+0
11 наурыз 2012, 17:57

Ол ән менде бар. Жазираның дауысы керемет қой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...