Софи Эллис-Бекстор Алматыға келмек

Софи Эллис-Бекстор Алматыға келмек

Британдық танымал әнші Софи Эллис-Бекстор Наурыз мерекесін тойлау үшін Алматыға арнайы ат басын бұрмақ.

Мерекелік іс-шара 22 наурыз күні күндізгі сағат 11:00-де бастау алмақ. Отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, Үндістан шайының фестивалімен жалғасатын болады. Әлемге танымал әйгілі тұлғаның концерті 21.00-де басталып, сағат 22.00-де жарқын отшашумен аяқталады делініп отыр.

Тағы бір келіп жеткен ақпарға сенсек, Астана қаласында наурыз мерекесіне орай сәулелі сәнді шоу орын алады екен. 

Соңғы уақытта поп-жұлдыз Леди Гага жаңалық беттерінде жиі айтылып кетіп еді. Сөйтсек, аталған әншіміз тұрмысқа шығуа дайындалып жатқан көрінеді. Ұзынқұлақтан келіп жеткен ақпарға сенсек, 26 жастағы өнер иесі актер Тейлор Кинниге тұрмысқа шықпақ.

Жақын құрбыларының бірінің сөзіне сенсек, неке тойы жаз айына жоспарланып жатқан сыңайлы. 

Әзірше ғашық жұптар журналистерге жауап беруден қашқақтап жүр. Сенің ойынша, той болуы мүмкін бе?

Селена Гомес «Rule The World» атты жаңа әннің тұсауын кесіп отыр. Жаңа әнде екі жастың айырылысып кететіндігі туралы айтылады екен.

Тыңдармандардың болжамына сенсек, бар гәп Селена мен Джастин Бибердің ажырасып кетуінде. Жазда шығатын жаңа таспасы қызу талқылану үстінде.

Джастин Тимберлейк өз тыңдармандарын бір қуантып тастауға бел буыпты.

Әйгілі өнер иесі Джимм Фэллонның шоу-бағдарламасында "The Ragtime Gals" тобымен өзінің атақты  "Sexy Back" хит-әнін шырқап шыққан. Жай шырқап емес, жайшылықта қайталана бермейтін жайдары көңіл-күй мен жасампаз жастықпен орындауды қолайлы көріпті.

сурет:idolator.comelfan.alnaddy.com; spletnik.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Л. Лига