Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Евровидениеге» қашан қатысамыз?

«Евровидениеге» қашан қатысамыз?

«Евровидениеге» қашан қатысамыз?

Бүгінде «Евровидение» - жыл сайынғы ән байқауы ғана емес, Олимпиада ойындары сияқты күллі әлемді бәсекеге салып қоятын саяси тартыс та. Оған қатысу мемлекеттік имидж саналады.

Қазақстан байқауды ұйымдастырушы - Еуропа хабар тарату одағына мен Еуропа кеңесіне мүше болу үшін қыруар қаражат шығындауы қажет. Мәдениет саласының өкілдері «Евровидениеге» қатысуды үлкен абырой, әрі ұлттық өнерді әлемге насихаттаудың бірегей мүмкіндігі санайды. Бірақ әзірше мәселенің шешілетін түрі көрінбейтіндіктен, амбициялы өнерпаздарымыз неше жылдан бері байқауда өзге елдердің атынан бақ сынауға әрекеттеніп жүр.

Негізінде, Қазақстанның «Евровидениеге» қатысуға толық мүмкіндігі бар. Біріншіден, еліміздің батысы Еуропа хабар тарату аймағына енеді. Екіншіден, Еуропа хабар тарату одағы мен Еуропа кеңесі географиялық жағынан бұл құрлыққа жатпайтын, бірақ өздеріне мүше болған елдердің «Евровидениеге» қатысуына қарсы емес. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, бүгінде Еуропадан жырақтағы ОАР, БАӘ, Палестина мен Катар да «Евровидениеден» дәмелі. Ru.wikipedia.org электронды энциклопедиясының мәліметінше, Қазақстан «Евровидениеге» қатысуды ойлап, 2008 жылы Еуропа хабар тарату одағына мүшелікке өтініш білдірген де. Бірақ әлі жауап жоқ. Ал ең беделді байқауға қатысып, өз өнері мен есімін әлемге паш еткісі келетін әншілеріміз амалсыз еуропалық елдердің атынан сынға түсуге жанталасып жүр. Мысалы, өткен жылы жас талант Дария Ғабдол Швецияның атынан өнер көрсетуге ниет білдіргенімен, сол елдің ұлттық іріктеу сынынан өте алмады. Биыл Луина да «Евровидениеге» талпыныс жасады, байқауға қалайда жол табу үшін Ресейдің ұлттық іріктеу сынына өтініш білдірді. Дегенмен ресейлік «Первый канал» арнасы халықаралық ән байқауына «Голос» думанының жеңімпазы, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Дина Гарипованы жіберу туралы шешім шығарды. Сөйтіп, отандық музыканттарымыздың «Евровидениеге» қол жеткізуге тырысқан әрекеттерінен түк шықпай отыр. «Евровидениенің» мәртебесі ән байқауы болғанымен, соңғы ондаған жыл көлемінде ондағы бәсекеде махаббат жайлы әндер де, орындаушылық шеберлік те емес, амбиция мен эпатаж бақ сынайтынды шығарды.

Байқауда түрлі мемлекеттер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін насихаттайды. Бәсекенің ақтық сынында жеңімпаздарды анықтау үшін болатын дауыс берудің саясаты - өз алдына бөлек әңгіме. Бұл кезде ән мен вокалдық артықшылықты бағалау жайына қалып, геосаяси қатынас бойынша санасу басталады. Бірақ осы жағынан алғанда да Қазақстан «Евровидениеге» қатысып жатса, көп қиналмауы мүмкін. Өйткені еліміз көпвекторлы саясат ұстанады, әлемдік қауымдастықта жақтастары көп, имиджі де тәуір. Бізге бұл орайда түбі бір әзірбайжан бауырларымыздың тәжірибесі үлгі бола алады. Байқауға 2008 жылы тұңғыш рет қатысқан Әзірбайжан музыканттары сол жылы ондаған елдің орындаушысын артқа тастады. «Евровидениеде» тұңғыш рет әзірбайжанның он екі мұқамы орындалды. Бұдан кейінгі екі жылда Әлиевтің елі байқауда үшінші және бесінші орындарды иеленсе, 2011 бас жүлдені жеңіп алып, келер жылғы байқауды өз елінде өткізді. Әзірбайжандар төрт жыл ішінде алғашқы бестіктен түспеді. Еліміз байқауға қатысуға ақыры мүмкіндік алып жатса, онда қандай бағыттағы орындаушылардың өнер көрсеткені жөн деген сауал туралы пікірлер сан алуан. Музыка сыншыларының көбі ұлттық іріктеу сынына Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Мәдина Сәдуақасова, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Айқын, Алмаз Кішкенбаев, Қайрат Түнтеков, Динара Сұлтан, Мөлдір Әуелбекова, Әнел Арынова, Нұржан Керменбаев, Луина сияқты орындаушылар мен Rin'Go, The Jigits, «Орда», «Жігіттер» топтарының қатысуы керектігін айтады. Ал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева «Евровидениеге» басқаны емес, қаймағы бұзылмаған ұлттық музыкамызды апару керек деп есептейді. Оның айтуынша, этникалық музыканы әлемге насихаттау үшін де «Евровидениеге» қатысуымызды ыждағаттау қажет.

Меруерт Түсіпбаева, әнші, актриса, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

- Елімізде ұлттық мәдениетті Еуропаға, әлем жұртшылығына таныстыруға жанашыр болатын меценат табылмай тұр. Ұлттық өнердің жанашырлары неліктен «Евровидениеге» қазақтың домбырасын апармайды?! Еуропаны тек қана этникалық музыкамызбен ғана тамсандыра аламыз. Эстрадамен емес! Ресейліктердің онда «Бураново әжелерін» қатыстырғаны, Дима Биланның қасына орыс мәнерлеп сырғанау өнерінің жарқын тұлғасы - Евгений Плющенконы қосқаны сондықтан. Әйтеуір бір ұлттық ерекшелікпен көзге түсуді көздегені. Меніңше, «Евровидениеге» Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова сияқты дәстүрлі әншілерді жіберу керек. Әрине, мен олар осы күйінде барып қатыссын демеймін, оларға, сөз жоқ, тың ізденістер керек, имидж бен форматты жаңарту керек. Сол сияқты «Тұранды», «Роксонакиді», Еділ Құсайыновты немесе осылардың басын қосып, арнайы топ ретінде де қатыстыруға болады. Мұнда Қазақстан үшін жеңіс басты нәрсе емес, бізге өз мәдениетімізді паш ету ғана маңызды.

Алуа Қонарова, продюсер:

- Еуропа хабар тарату одағына (EBU) мүше болу үшін оған еліміз жыл сайын бірнеше миллион доллар төлеп тұруы тиіс. Біз әзірше мұндай қомақты қаражат төлеуге дайын емес болуымыз керек. «Евровидениеге» қатысудың саяси астарын да жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті біздің әртістерімізде бұл байқауда бақ сынау мүмкіндігі болмай тұр, тек өзге елдің атынан қатысуға ғана рұқсат бар. Егер «Евровидениеге» өз еліміздің атынан қатысу мүмкіндігі туып жатса, мен Rin'Go тобы Қазақстанды лайықты түрде таныстырар еді деп, батыл айта аламын. Менің жобам болғандықтан емес, бұл жігіттердің үш халықаралық байқауға қатысқан тәжірибесі болғандықтан және олардың сондай фестивальдерге қатысуға кәсіби шеберлігі жетеді.

Роман Райфельд, музыка сыншысы, журналист:

- Мен «Евровидениенің» трансляциясында бес жылдан бері комментатор болып келемін. Бұл байқауда ең керемет дауыс иесі ғана жеңеді деген пікір орынсыз, талантпен көзге түсу - байқауда соңғы 20 жылда өте сирек болған жайт. «Евровидениені» дауыспен емес, есте қаларлық бейнемен жеңіп шығуға болады. Егер Қазақстан байқауға қатысуға мүмкіндік алса, ұлттық іріктеу сынының өте күрделі болатыны анық. Меніңше, «Евровидениеде» Жантик (Жантемір Баймұхамедов) сияқты адамдар шоу жасай алады. Бірақ оның нөмірі бұрынғы образдарына ұқсамайтын, ерекше дүние болуы тиіс. Ол тек Қазақстанның пиары ғана болуы керек. Талғамы биік, сәнді, жарқын нөмір ретінде көптің есінде қалуы қажет.

Биыл «Евровидение» Швецияның Мальмё қаласында мамырдың 14-18-і аралығында «Біз біртұтаспыз» ұранымен өтеді.

Жолдаған: Болатбек Мұхтаров

сурет: eurovision.tv

1875 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 15:50
Пікірлер
+0
15 наурыз 2013, 18:24

Тым болмаса, қатыссақ жақсы болар еді. Елге көрініп, мәртебеміз өсіп дегендей)

+0
15 наурыз 2013, 19:07

Опшым қатысуға әлі алыс десейші

+0
15 наурыз 2013, 20:38

Заман дуэтиндеги Ергенди жиберу керек!Дауысы мыкты,асерли,анди жеткизе биледи!!

+0
17 наурыз 2013, 12:29

OGON KATISATIN ANWI JOK :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: KO

+0
18 наурыз 2013, 11:06

Сан емес сапа керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...