Адельдің альбомы екінші рет "Жыл жинағы" атанды

Адельдің альбомы екінші рет "Жыл жинағы" атанды

Британдық әнші Адельдің "21" атты альбомы осымен екінші рет "Жыл жинағы" атанып отыр.

Халықарылық музыка өндіруші федерациясының ақпараты бойынша, "21" альбомы әлемдік сатылымға шыққалы бері 2 жыл бойы топ бастап келе жатыр. Айта кетелік, альбом 2011 жылы жарық көрді. Бірінші жылы жинақ 17 миллион тиражбен тез таралып кетті. Екінші жылы 8 миллион экземпляр сатылып үлгерді.

Бұл тізімнің екінші орнында Тейлор Свиифттің "Red" пластинкасы тұр. Үшінші орын One Direction-ның "Up All Night" жинағына бұйырыпты.

IFPI-дің ақпараты бойынша, музыка индустриясында алдыңғы жылмен салыстырғанда түскен пайданың өсімі жөнінен рекорд орнатылды. Бұл өсім 0,3 пайызды құрады. Ал 2012 жылы түскен пайда 16,5 миллиард доллар болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wowstars.ru 

Massaget