Джастин Тимберлейктің орындауында жаңа хит

Джастин Тимберлейктің орындауында жаңа хит

Сахнаға қайта оралып бір қуантқан Джастин Тимберлейк жаңа әнімен екі қуантып отыр. Тректің атауы - "Suit & Tie".

Аталған композиция әншінің жарыққа шыққалы отырған үшінші альбомына енбек. Әзірше, альбом төңірегінде әнші жақ ашпауды жөн көріп отырған сыңайлы. Бір анығы, шыққалы отырған дискті «The 20/20 Experience» деп атайды-мыс. 

Айтпақшы, жаңа әннің төңірегінде продюсер Тимбалэнд біршама тер төқкен. Қонақ болып шақырылған "Jay-Z"-дың да үлес-салмағы бар.

Тыңдап, бағасын беріңіз!


сурет:billboard.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига