Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Дауыс International" тобына 10 жыл

"Дауыс International" тобына 10 жыл

Бүгін қазақстандық  "Дауыс International"  тобына 10 жыл толады. 

Топ шоу-бизнес толқынына 2002 жылдың сәуір айында қосылды. «Stars club»- та өткен қатаң кастингтен алматылық бұлбұл дауысты төрт сүйкімді бойжеткен суырылып шықты: Жүргенов атындағы академияның бірінші курс студенті Асыл, ҚаҰУ студенті Әсел (үлкені), тағы бір оқушы Әсел (кішісі), Рысқұлов атындағы ҚазЭУ студенті Рано. Кейін топ құрамы өзгеріп, Жадыра Құтпанова мен Айша Байбосынова топқа жаңа леп әкелді. 


Алғаш рет "дауыстықтар" көпшілік алдына "ТВ Бингоның" тікелей эфирінде шыққан еді. Бұл күнді өздері: "қорқыныш пен қуанышты қатар сезіндік..." -деп әлі күнге дейін ыстық сағынышпен еске алады. Ал үлкен сахнаға Алматыдағы Орталық стадионда өткен "Ақ жол 2002" мерекелік кешінде аяқ басты. 

"Біз көбіне әлемді сақтап тұрған ұлы сезім - махаббат туралы шырқаймыз. Және тек қана ана тілімізде ән айтуға тырысамыз. Қазақ тілінің құдіретін тек өз елімізде ғана емес, күллі әлемге мойындатқымыз келеді" -дейді тотыдай таранған арулар.

Топ продюссері  Сафар Бабаевтің айтуынша, бұл күнді шоу-бизнес сұлулары ұлан-асыр ғып тойламақ емес. Продюссер өз биігін сақтап қалу үшін топ құрамын өзгертпек ниеті бар екенін де айтып отыр. "Продюссер ретінде маған бүкіл құрамды өзгертіп, орындарына 18 жасар қыздарды алу ыңғайлырақ. Сосын барлық әндерді жаңадан жаздырсақ деген жоспарымыз бар"-дейді Бабаев.

Күллі даланы тербеткен әуезді әуен сыйлаған "Дауыс International" тобын осы бір айтулы күндерімен құттықтап, шырқау шыңдарды бағындыра берсін деген тілек айтамыз!

Форумда талқылау

Сурет: tengrinews.kz, vipshow.kz

6653 42
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 17 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 10:09

Осы топтағы Әсел ұнайды ))) Актрисасы. Сондааай әдемі өзі )

+0
17 ақпан 2012, 10:17

Ең алғаш "Қарлығаш" әнімен шығып, әуенін бұздыңдар деп қаншама сөз естіп, әйтеуір 10 жылға дейін шыдағандары қуантарлық жайт. Актриса Әсел Айяри болып, пәтерін сатып клип түсірген еді. 10 жылдықта осы топтың қызығын көрдік қой бірталай. ))

+0
17 ақпан 2012, 10:21

Сол жақтан екінші тұрған сары шашты қыздың "Ғашық жүрек 1/2" киносында Баянның көмекшісі болып ойнаған рөлі өте ұнады))))))))))))))))

+0
17 ақпан 2012, 10:27

Осы топтағы ортасында тұрған екі қыздан басқалары өзгере береді әйтеуір. Әсел Сәдуақасованың Саранча сериалында жақсы ойнап шықты.

+0
17 ақпан 2012, 14:19

Кейін қосылған Айшаның топқа дейін жеке айтқан әні қатты ұнайды, топқа келіп көлеңкеде көрінбей қалды. Жадыраның да соло әндері бар. Жалпы бұл қыздар соло орындаған әндері бар, топтан кетсе де далада қалмасы анық. Бірақ алып бара жатқан керемет вокалды деп айтпас едім.

+0
17 ақпан 2012, 14:24

Бұл топ маған да мүлде ұнамайды. Қазақ тілін біле тұра, қазақша ән сала тұра, жарысып орысша сөйлейді. Ашық-шашық киінеді, сыпайы, ибалы қыз емес, тәжірибелі әйелдерге ұқсайды. 10 жыл толғандары көрініп тұр, шаштары да ағара бастапты. Осы топтың экс-мүшесінің есімін ұмытып қалдым, әлгі Орда тобындағы бойшаң жігіттің жары, Шіркін лайфтың қатысушысы, сол ғана көзіме тәуірлеу көрінді. Қазақылығы, ұстамдылығы, байыптылығы ұнады.

+0
17 ақпан 2012, 14:27

Асыл

+0
17 ақпан 2012, 16:37

Пікіріңізге қосыламын, қазақша сөйлегенге не жетсін, ибалы қыздар негізінде сахна төрінде жүрмейді

+0
17 ақпан 2012, 14:29

Иә, тап өзі. Асыл Беделхан ғой. Сол ұнады. Қыз босаныпты ғой, өзіне тартса екен!

+0
17 ақпан 2012, 14:32

Беделхан деген Орда тобындағы Ерболаттың тегі, жұбайының тегін алған ғо тұрмыс құрған соң.

+0
17 ақпан 2012, 14:31

Ия бәріде орынды. Бізге киім киістері ұнамайды, оны қанша айтсақта оларға бәрі бірғой. Біреудің айтқандарын елемейді де. Бір концертте сол жабысқан, барлық барын көрсетіп Ескендір Хасанғалиевпен ән айтып шыққандары барғой....

+0
17 ақпан 2012, 14:33

Қайбір жылдары Әсел Садуақасова Аяри деген атпен шығып еді ғой. Негізі, Аяри дұрыс есім емес, арабтың кәдімгі аяр сөзімен төркіндес қой.

+0
17 ақпан 2012, 14:36

Шыға салып, жігіттер қауымның назарын аударды.

+0
17 ақпан 2012, 14:47

Маған Қоңыр тобындағы қыз ұнайды. Сұңғақ бойлы, арық, сүйкімді, ұстамды, қоңыр үнді. Киімі де жарасымды, келісті.

+0
17 ақпан 2012, 16:24

Рахмет Игіт рахмет.

+0
17 ақпан 2012, 16:40

Енді Ова дегенді алып тастасаңыз өте бір жарасымды болатын сияқты

+0
17 ақпан 2012, 16:44

Күлкім келіп кеттіғой. Ол өз шаруам, өзім білем дегендей.....Қазіргі уакытта біреуге біреу ақыл айтатын заман емес

+0
17 ақпан 2012, 16:52

ақыл да емес, жөнсілтеушілік те емес, ол менің жеке ойым, санаңызға қонбаса

+0
17 ақпан 2012, 16:55

рахмет, енді мені Нико есіммен танитын боласындар

+0
17 ақпан 2012, 16:57

Күлкім келіп кеттіғой. Ол өз шаруам, өзім білем таним ба танымаймын ба

+0
17 ақпан 2012, 16:43

Негізі бастыда айтатын ойымды бөліп жібердіңдер ғой, төртеуі де (яғни, сегізі де) - Мыстан кемпірлерге ұқсайды екен

+0
17 ақпан 2012, 17:06

Несібелі, есіміңізді қойған ата-анаңызға рахмет! Затыңыз атыңызға сай болсын! Несібелі, Зерделі есімдері әдеби шығармаларда сақталып қалған сирек есімдер ғой.

+0
17 ақпан 2012, 17:15

Жібек пен Баян ше?

+0
17 ақпан 2012, 17:22

Жібек пен Баян есімдері Қызыл кітапқа еніп кетті дей алмас ем, Қазақстанда мұндай есімді қыздар көптеп ұшырасады. Несібелі сиректеу кездесетін ат.

+0
17 ақпан 2012, 19:59

10 жыл болғаны бар болсын, өздерін кереметпіз деп ойлайды, қыздарға қандай үлгі беретінін Құдай біледі!!
Киімдері ашық-шашық, эстрадада өз орындары жоқ, қысқасы маған ұнамайды)))

+0
20 ақпан 2012, 09:39

Мінеки! Қыз деген осындай болуы керек! Маған осындай тоқалдар керек!

+0
20 ақпан 2012, 21:08

Ойбай, дәл сіздей күйеуім болғанын қаламас едім, Аллаһ сақтасын!!!!!!

+0
19 ақпан 2012, 20:31

сұлу кыздар екен

+0
20 ақпан 2012, 09:39

Осы төртеуінен маған ТОҚАЛ болуға қайсысы лайықты екен???

+0
20 ақпан 2012, 21:34

Шынында бұл топ мүшелерін дұрыс танымайды екенмін, әндерін кейде құлағым шалып қалғаны болмаса...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...