Бейонсе Pepsi сусынын 50 миллион долларға жарнамалайды

Бейонсе Pepsi сусынын 50 миллион долларға жарнамалайды

Бейонсе Pepsi сусынын тағы да жарнамалауға келісті. Бұл жолы сусынды жарнамалағаны үшін әнші 50 миллион доллар көлемінде ақы алады екен. Келісім-шарт бойынша, Бейонсе Pepsi компаниясының бейнеролигі мен фототүсірілімдеріне қатысады.

Бейонсенің қатысуымен түсірілген алғашқы жарнамалық ролик америкалық футболдың Суперкубок үшін өтетін финалдық ойынында көрсетіледі. Содан кейін әлемнің бірнеше арналарына Бейонсенің Pepsi сусынын ішуге шақыратын жарнамалық роликтері таратылады. Қорытындысында 2013 жылғы 3 ақпанда өтетін шоу концертінде де Бейонсе Pepsi-ді жарнамалайтын болады.

Өз кезегінде Pepsi компаниясы келер жылдың наурыз айынан бастап әншінің суреті бар бөтелкедегі сусындарды сатылымға шығарады. Сонымен қатар Бейонсенің жеке альбомы мен концерттік турлар ұйымдастыруына көмектесетін болады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: newstalkzb.co.nz

Л. Лига