Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қазақстандағы ең бай жұлдыздар

Қазақстандағы ең бай жұлдыздар

Қазақстандағы ең бай жұлдыздар

2011 жылғы қазақстандық ең бай жұлдыздардың ондығына қарар болсақ, онда жұлдыздарымыздың тапқан-таянғандары миллионға да жетпейді. Ал Форбестің Топ-100 әлемдік жұлдыздардың  жылдық көрсеткіші 4.5 млрд. Турасын айтсақ, ұлы сөзде ұят жоқ дегендей, қазақстандық нарықтың төмен екендігін себеп қылуға да болады. Оның үстіне, сылтауға келгенде сыпайы бола қалатын жұлдыздарымыз әңгімені арыдан бастауды жөн көреді. Айтуларына қарағанда шет елден келетін  поп-әншілер мен көрші Ресейден ағылып жатқан шоумендер нарықты жаулап алып, нан қалдырмайды екен. 

Онсызда қаражаттың көп бөлігін тойдан табатын әнші, әртістеріміз нарықтың тұнық еместігіне көздері жеткендей. "Ақша атасын, теңге туысын танымас" дегендей, жұлдыздар бизнесінің ортақ көрінісі төмендегідей: ән жазады, клип түсіреді әрі телеканал, радиолармен ауыс-түйіс жасасады, сол арқылы танымалдығы артқан сайын тапсырыстарға қол жеткізеді. Күндегі қаражатты осылай таппаса, өздері шығарған дискілердің қайыры шамалы. Қасықтап жиған абыройлары мен ел алдындағы бейнелері үшін де жеке концерт өткізетіні тағы бар.

Нарықтың осы іспетті үлгілерінің болашағы жарқын деп айту қиын. Сөзсіз, отандық шоу-бизнестің келешегіне үлкен идеялар мен батыл қадамдар қажет. Мәселен, батыс дүниесіндегі crowdfunding – тұғырнамасы (платформасы) әншілерге жаңа жинақтар шығаруға демеушілік жасап, лейблдерді керек қылмай-ақ жұмыс жасауына мүмкіндік беріп отыр.

Бәрін айт та, бірін айт. Қазақ жұлдыздары тек қана сапалы дүниелерді тудырып қана, ұлттық құндылықтарды ұлықтап қана шырқау биікке шыға алады. Соның айқын көрінісі ретінде қазақстандық ең бай жұлдыздардың көш басында МузАрт тобы келеді.

1. MuzArt/МузАрт тобы 

Жылдық табыс: 800 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 146 393

Аталған топтағы  негізгі солистер Сәкен мен Кенжебек болса,  топтың тағы да бір белді мүшесі Мейрамбек 2011 жылы «Ғашық жүрек – 2»  киносында негізгі рөлдердің бірін орындап, мамандардың айтуынша, 2011 жылдың ең қымбат актері атанды. Әр күнгі кино түсіру алаңында 7000 доллардай сыйақы алып отырған. Жалпы топқа келетін болсақ, МузАрт тобы 2003-2004 Қытай мен Ресей қалаларын аралап, мол табысқа кенелген. Ал 2006 жылы Түрік нарқына дендеп еніп кетті. 2007 жылы топ мүшелерінің қатары тоғыз адамға көбейіп, ән әлемінде өзіндік өрнектер салды. 2011 жылы өздері жеткен жетістіктер турасында документальдық кино түсірді.

2. Батырхан Шүкенов

Жылдық табысы: 720 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 67 998

Қазақстанның белгілі әртісі, композиторы. Өнердегі жолы 1982 жылдан басталған. Бастапқы кезде «Арай» ансамбльінде  Роза Рымбаеваны сүйемелдеуде саксофоншы болды. 2009 жылы ЮНИСЕВ-тің Қазақстандағы өкілі болды. 2010 жылдың мамырында «Абайлаңыз, сүйкімді қыз» атты жеке төртінші альбомын шығарды.

3. Баян Есентаева

Жылдық табысы: 700 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 40 417

Журналист, жүргізуші, қазақстандық бес жобаның авторы. Сарапшылардың айтуынша, «Ғашық жүрек» киносынан 350 мың доллардай кіріс кірген. «Ғашық жүрек – 2» киносының бірінші қойылымында-ақ 5 млн теңге тапқан. Ең негізгі жобасы - жылдық табысы 300 мың доллар құрайтын «КешYou» тобы. 2012 жылдың көктемінде продюсерлік орталық «Ел Арна» телеканалымен бірлесіп, екінші рет «Қазақ аруы» сұлулық байқауын өткізбекші.

4.Наша KZаша

Жылдық табысы: 700 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 78 995

Наша KZаша - отандық әзіл-сықақ сериалы, бұл жоба өте танымал ағылшындық скетч-шоу Little Britain-нің егізі болып саналады. Сериал алғаш рет КТК арнасында Нұртас Адамбаев, Дәуіт Шайхисламов және Сәбит Рахымбаевтардың қатысуымен 2008 жылдың аяғында тұсауын кесті. Және бүгінде бұл жоба жастардың арасында үлкен сұранысқа ие.

5. Дильназ Ахмадиева 

Жылдық табысы:370 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 46 737

YouTubе-тағы өзінің ресми каналында 55 мың тұрақты көрермені бар. 2011 жылдың тамызынан бері осынау каналды көрушілердің саны 25 404 адамды құраған. Қазіргі уақытта Some Toir-ге продюсерлік етеді. Содан кірген табыс көзі әншінің жылдық табысының үштен-бірін құрайды.

6. Роза Рымбаева

Жылдық табыс: 350 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 138 793

Қазақстан эстрадасының мадоннасы, Қазақ КСР-нің халық әншісі (1986), КСРО-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. КСРО-ның ең үздік ондығының бірі. 1978 жылы «Дыбыс сызығында» Алла Пугачева мен София Ротарудан кейінгі 3-орынды иеленген жезтаңдай әнші.

1976-1979 жылғы жастардың эстрадалық «Гүлдер» ансамблінің солисті. 1979 жылы эстрадалық «Арай» ансамбльінің солисті. 1977-1979 танымалдығы артып, «Жыл әні» фестивалының ақтық мәресіне жетті. 1979 жылы «Қазақконцерт»  республикалық бірлестігінің солисті. Қазіргі уақытта ұлы Әли Окаповқа продюсерлік етумен айналысады.

7. Мәдина Сәдуақасова

Жылдық табысы: 300 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 70 395

1992 жылы өнерге қадамын «Әнші балапаннан» бастады. 1999 жылы Қызылорда облысының «Жыл адамы» атағы берілді. Ермек Елгезековтің «Махаббат жалыны» әнімен жұртқа танылған.

8. FM тобы

Жылдық табысы: 300 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 32 071

Қазақстандағы ең танымал топтардың бірі. Құрылғанына жеті жыл болған. Ендігі жылы топтағы әншілер саны төртеуге жетпек. Топтағы екі әншінің өз алдына би мектептері бар.

9. Мақпал Исабекова

Жылдық табысы: 250 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 40 705

Қазақстанның эстрада әншісі. SuperStar KZ-ке қатысу арқылы, есімі әйгілі болды. 2007 жылы ерлердің «Esguire Казахстан» журналында «Жыл әншісі» атанды.

10. Әсел Сағатова

Жылдық табысы: 97 мың доллар

YANDEX желісіндегі іздестіру саны: 77 434

Италиядағы ТРК «Глобус» мейрамханасына қатар орналасқан EI Caffe Mio кофеханасының иесі. Қазақстандық нарықтағы ең қымбат әртіс саналады. Күніне түсіру алаңынан 2 мыңнан 5 мың долларға дейін қаржы табады. Ең соңғы түскен киносы – «Охота за призраками». Үлкен туындының 2012 жылы тұсаукесері болады. Жалпы, киноға 2004 жылдан бері аяқ басқан. Ақан Сатаевтің қылмыстық драмасы «Рэкитир» (2007) киносынан кейін ел аузынан түспейтін болды. Ал киноның өзі 1.2 млн. табыс әкелген. Киноға  дейін  модель болып мансап жасаған.

Ресми ақпарат:  Forbes Kazakhstan

Форумда талқылау

Суреттер r-rymbaeva.narod.ru, onkino.kz, kazakh.ru, detki.kz, articles.gazeta.kz, megatorrents.org, gns.kz, vsetut.kz, music.nur.kz, salon.kz сайттарынан алынған

50323 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 13 ақпан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
13 ақпан 2012, 13:23

МузАрт қайда да бірінші )

+0
13 ақпан 2012, 13:26

Жаса, МузАРТ!

+0
13 ақпан 2012, 13:27

МузАрт қой әринеееее) Бірақ Баян Есентаева қалыспайтын сияқты )

+0
13 ақпан 2012, 13:45

Мәссаған!

+0
13 ақпан 2012, 13:51

Менде біраз әншілердің қанша мың теңгеге ән айтатындары жайлы мағлұмат бар.

+0
13 ақпан 2012, 16:04

енді бөліспедіңіз ба?

+0
13 ақпан 2012, 14:00

"МузАРТ"-тықтардың әрқайсысы 800 000-нан таба ма, әлде бәрі қосылып па? Мұны бәріне бөлсек орны ауысып кетеді-ау)

+0
13 ақпан 2012, 14:01

Мәдина мен Мақпалдың рейтингтің алдыңғы орнына шығуына ниеттімін!!!!

+0
13 ақпан 2012, 14:12

Ол үшін олар жалаңаштанулары тиіс. ))

+0
13 ақпан 2012, 14:02

Әли Оқапов продюсерім жоқ деп жүр ғой теледидарларда. Роза апамыз бір домбырашыға продюсер деп естідім. Клиптері де шығып қойды жаңылыспасам Муззонда

+0
13 ақпан 2012, 14:09

Forbes сондай мәлімет беріпті.

+0
13 ақпан 2012, 14:14

МузАРТ сол табысына тұрарлық!!! Жалпы мына тізімдегі барлық артистер табыстарына сай еңбек етіп жүр деп ойлаймын! Жана берсін!

+0
13 ақпан 2012, 14:21

хехехе :) Фм тобы супер

+0
13 ақпан 2012, 14:40

Батырхан Шукенов үшін ризамын))

+0
13 ақпан 2012, 14:45

Баян Мақсатқызы Есентаева тамаша ханшайым, өзі де жақсы ақша табады, өнерлі адамдарға да табуға көмектеседі, өте қатты сыйлаймын!

+0
13 ақпан 2012, 15:06

Не ғой Шукенов пен Музартқа респект. ФМ ондай да топ бар ма не?

+0
13 ақпан 2012, 17:41

Білмейсің бе?)))

+0
13 ақпан 2012, 23:06

ФМ қой, ондайларды қайдам

+0
13 ақпан 2012, 15:31

Баян Есентаеванын жасаган жобалары оте унайды!!!!!! Жогары орындардан коринуине тилектеспин. Ал 1-ши орында аринееее Музарт!!!!!

+0
13 ақпан 2012, 16:12

Әркім өз еңбегіне қарай табыс табады, Алланың разылығымен, МузАрт пен Баян Есентаева лайықты орында))

+0
13 ақпан 2012, 17:42

Мәәәәә, бай болу үшін жұлдыз болу керек екен ғой иә?))) Мен де жұлдыз болсам ба)))))))))))))))))))

+0
13 ақпан 2012, 19:16

МузАрт пен Мәдина Сәдуақасованың алдыңғы орында тұрғанын қалаймын!

+0
13 ақпан 2012, 23:54

МүзАрт тобының көш басында келуі орынды. Тек қана сапалы дүниелерді ғана таңдайтын топ.

+0
14 ақпан 2012, 09:46

Музарттың топ жарып, тапқан-таянғандарын 40 қазақ ішінде бөлісе алмай жатқан шығар, ал Батыр молодес....

+0
14 ақпан 2012, 10:24

Менің ойымша тізімде Қыдырәлі Болмановта болу керек еді......

+0
14 ақпан 2012, 10:31

Мен де сөйтіп ойлаймын

+0
14 ақпан 2012, 14:55

арким оз енбегинин жемисин корип жатканы созсиз! Сол ушинде МУЗАРТ ардайым алда!

+0
21 наурыз 2012, 09:40

:o СубханАЛЛАХ кыздарымыз шешинип кетипты ,тагы бираз жылдан сон не болар екен!

+0
21 наурыз 2012, 09:41

ФМ ТОБЫН АИТАМ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...