Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Уитни Хьюстон өмірден өтті

Уитни Хьюстон өмірден өтті

Уитни Хьюстон өмірден өтті

Associated Press орталығының мәліметі бойынша, 11 ақпан, сенбі күні танымал әнші әрі актриса Уитни Хьюстон (Whitney Houston) 49 жасқа қараған шағында көз жұмды. Әншінің денесі Лос-Анджелес қаласындағы Beverly Hilton қонақүйінің бөлмелерінің бірінде табылған. Танымал әншінің өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Ғұмырының соңғы жылдарында атақты әнші алкогольдік ішімдіктер мен есірткіге құмар болған. Соның салдарынан әншінің дауысы өзгеріске ұшыраған. Тіпті, 2010 жылы өзін жайсыз сезінген әнші дүниежүзі бойынша гастрольдік сапарын орта жолдан үзген болатын. Денсаулығын қалыпқа келтіру мақсатында бірнеше мәрте емделген.

Уитни Хьюстон әлем сахнасының жарық жұлдызы еді. Көзі тірісінде дүниежүзі бойынша әншінің 170 миллионнан астам музыкалық альбомдары мен синглдары сатылған. 2010 жылдың өзінде әнші 415 жүлдеге ие болды. Оның ішінде екі «Эмми» мен алты «Грэмми» сыйлықтары, Billboard журналының 30 жүлдесі мен American Music Award байқауының 22 жүлдесін иеленіп, Гиннестің Рекордтар кітабына енген.


Уитни Элизабет Хьюстон 1963 жылы 9 тамызда Нью-Джерси штатының Ньюарк қаласында дүниеге келген. 1985 жылы оның "Whitney Houston" деген атпен алғашқы альбомы жарыққа шықты.

Әнші 1992 жылы актер Кевин Костнермен бірге «Телохранитель» фильміне түсіп, көпшілікке актриса ретінде танылды. Ал оның орындауындағы "I Will Always Love You" әні Уитнидің төлқұжатына айналған.

2000 жылы Уитни Хьюстон «Ритм-энд-блюз әнші» номинациясы бойынша үздік деп танылып, «Грэмми» сыйлығымен марапатталды.

2001 жылдың тамыз айында әнші Sony BMG компаниясымен келісім-шартқа отырады. Келісім-шарт көлемі 100 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл музыка индустриясының тарихындағы ең ауқымды алғашқы келісім еді.

2010 жылы әнші "I Look to You" альбомы үшін "BET Awards" жүлдесін иеленген. Rolling Stone журналы әншінің есімін ең үздік 100 әншілердің тізіміне енгізген.

АҚШ баспасөз орталығының мәліметі бойынша, Уитни Хьюстон Лос-Анджелеске жексенбі күні өткізілетін «Грэмми 2012» кешіне қатысу үшін келген болатын. Әншінің мезгілсіз қазасына байланысты ұйымдастырушылар кешті ауыстыруы мүмкін.

Форумда талқылау

Суреттер http://www2.tbo.com, http://www.telegraph.co.uk ғаламтор беттерінен алынған


2348 15
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
12 ақпан 2012, 12:47

Менің сүйікті әншімнің бірі болатын. Бұл тұлғаның өмірден өтуі өкінішті-ақ.

+0
12 ақпан 2012, 13:03

"Титаникті" қайта-қайта тыңдаушы ем кезінде...

+0
12 ақпан 2012, 15:26

Титаниктің саунд трегін Селин Диона айтпап педі? Уитни Хьюстоннын орындауында естімептім

+0
13 ақпан 2012, 09:49

Мейіргүл, қалайсың?:))

+0
12 ақпан 2012, 13:07

Шыны керек, әнші өз-өзін құртты. Алайда артынан жүздеген хиттер қалдырды, музыка әлемінде өз орнын айқындап кетті.

+0
12 ақпан 2012, 13:10

Иманы саламат болсын! Мүшел жасында қонақ болып кетіпті(((

+0
12 ақпан 2012, 13:18

осы әнін өлер алдында айтып кеткен сияқты... өкінішті... қайталанбас дауысы қалды артында естелік болып!
клиптегі Тина Тернер туралы фильмін жылап турып көріп едім((((

+0
12 ақпан 2012, 13:47

жатқан жері жайлы болсын

+0
12 ақпан 2012, 14:39

да... прискорбные вести
иманды болсын...

через столько всего пройти...

+0
12 ақпан 2012, 14:41

насколько я помню, именно после фильма "Телохранитель" стало модно делать OST к фильмам....
а ведь песня что говориться - нетленка...

+0
12 ақпан 2012, 15:20

Иманы саламат болсын ( Ешкім мәңгілікке келген жоқ (

+0
12 ақпан 2012, 22:04

Уитнидің есімі адамзат тарихында, санасында мәңгі қалады! Менің туған кунімде өмірден өткен екен... Ақпанның 11-і куні мен де қонақүйде болғанмын, қорқынышты ыыы ыыы

+0
12 ақпан 2012, 22:21

Даусы зор анш!н!н ,ес!ртк!ге жакындыгын копш!л!к басылымдар жазган болатын ,алайда онер жулдызынын сахнадагы ом!р! жалгасын таба алып ,копш!л!к корерменн!н кон!л!нен шыга алгандыгынан ,тант!л!к танытканы дуниеге мал!м ,ажалына себепш!н!н болуына катысты жандар болса ест!лер! ках ,ерте кеткен! оте ок!н!шт! ,ЖАКСЫ АНШ! !!!

+0
13 ақпан 2012, 11:35

Иманды болсын! Қызының қызығын да көрмей кетті ғой......

+0
13 ақпан 2012, 14:17

бақұл болсын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...