Тоқтамай ән айтудан әлемдік рекорд жаңарды

Тоқтамай ән айтудан әлемдік рекорд жаңарды
Фото: tellerreport.com

Рекордтың да талай түрі бар. Бірі - қызықты, бірі - ақылға қонымсыз. Енді бір рекордтар үшін адамдар басын қатерге де тігіп жатады. Ал сіз тоқтамай ән айтудан да рекорд жасауға болатынын білесіз бе?

Доминикан Республикасының азаматы Карлос Сильвер Санто-Доминго саябағында 106 сағат бойы тоқтамай ән айтып, жаңа рекорд тіркеді. Ол төрт жарым күн бойы ән шырқаған. Нәтижесінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.  

Тоқтамай ән айтудан осыған дейінгі рекорд үндістандық азамат Сунил Вагмаренің еншісінде еді. Ол 2012 жылы 105 сағат тоқтамай ән айтқан.

Карлос Сильвер бұл рекордты жаңартуға осыдан 3 жыл бұрын да бел буған. Алайда алғашқы ұмтылысы сәтсіз аяқталған еді.

Н. Үсенова