Бір әнмен байығандар

Бір әнмен байығандар
Фото: Коллаж

Ғасыр хитін жазуды армандамайтын әнші жоқ шығар. Дегенмен, мыңдаған ән бар, бірақ тыңдарманы саусақпен санарлық әншілер бар. Сонымен қатар, бір ғана әнімен әлемді мойындатқандар да жеткілікті.

Los Del Rio – “Macarena”

Әлемнің түкпір-түкпірі “Despacito” деп әндетпей тұрып, испан тіліндегі басты хит  “Macarena” болатын. Ән 1993 жылы жазылғанмен, танымалдылық 1996 жылы Bayside Boys ремикс нұсқасын жазғаннан кейін келді. Тек ән емес, бейнебаяндағы би қимылдары да халықтың ерекше ықыласына бөленді. 2002 жылы VH1 арнасы құрастырған «Бір хиттің ұлы қалаушылары» рейтингінде ән көш бастады.  

Испан дуэті Los Del Rio 1960-жылдарда құрылған болатын. Ал, әлем “Macarena” деп әндете бастағанда Антонио Монхе мен Рафаэль Пердигонестің жасы 50-ге тап қалған болатын. Тек қана АҚШ-тың өзінде жинақ 4 миллион тиражбен сатылған болатын. Ал, толық 11 миллион көшірме болатын. Антонио мен Рафаэль түскен табыстың тек 25%-н алса да, баюларына ешнәрсе кедергі болған жоқ.

PSY – “Gangnam Style”

Қазір миллиард көрілім арқылы ешкімді таңқалдыра алмайсың, дегенмен, 2012 жылы бұндай нәтижеге қол жеткізген тек бір ғана әнші еді – “Gangnam Style” әніне түсірілген PSY-дың әні. “Gangnam Style”  тек бейнебаян арқылы музыка мен бимен танымал болып қойған жоқ, K-pop жанрының кең аудиториясына жол ашты. Арада 5 жыл өтсе де әлі де қызығушылық барын аңғаруға болады. Мысалы, алдыңғы жылы 300 миллионнан астам адам қараған. Хиттің танымалдылығы музыка индустриясына да ықпал етті: бұрындары әннің жетістігін тек Солтүстік Америка мен Еуропа бағалайтын болса, хиттан кейін өзге елдер мен континенттер кіре бастады. YouTube  1000 көрілімге 1-4 доллар төлейтіні белгілі. Бүгінде, көрілім 3 миллиардтан асады. Демек, бір әннен тек YouTube  арқылы 3 миллион айналасында ақша табады.

4 Non Blondes – “What’s Up”

Әйелдердің рок-группасы – әлі күге дейін таңсық құбылыс. Америкалық 4 Non Blondes  – соның ашық үлгісі. Олардың 1993 жылы әлемді мойындатқан “What’s Up” әні әлі күнге дейін би кештерінде ойнатылады. Бір ғана ән жинақ “Bigger, Better, Faster, More!” шығарып, топ тарап кетті. Дегенмен, бас вокалист Линда Перри атақты әндердің авторы болды. Оның жұмыстарының арасында Кристина Агилераның “Beautiful” және Гвен Стефанидің “What You Waiting For” әні бар.  Сингл поп-әлемнің бір бөлшегі болып қалды: кейде фильмдерде, сериалдарда саундтрек ретінде қолданылады. Леди Гага мен Пинк те орындаған болатын.   

Coolio feat. LV – “Gangsta’s Paradise”

Стиви Уандердің “Pastime Paradise” әннінің әуеніне жазылған “Gangsta’s Paradise” Кулио жинағындағы боқтық сөздерсіз аз әндерінің бірі болатын. Онысын ол Уандердің рұқсатын алу үшін жасағанын айтады. Стиви Кулиоға тек музыканы пайдалануға рұқсат беріп қана қоймай, «Грэмми» шарасында бірге өнер көрсетті. Кулио 2012 жылға дейін ән жинақтар шығарды. Одан бөлек, кинода, телебағдарламаларда, сериалдарда бағын сынап көрді. 2013 жылы өзінің авторлығын Royalty Exchange компаниясына сатты. Сол уақытта  хиті болмағанына қарамастан, ескі әндерінің жазбасын 20 мыңнан астам долларға сатты.

Т. Есқали