Данэлия Төлешова Eurovision Junior байқауына дайындаған бейнебаянын таныстырды

Данэлия Төлешова Eurovision Junior байқауына дайындаған бейнебаянын таныстырды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі - 2018" халықаралық байқауына дайындықты бастады. Жас әнші байқауға арналған бейнебаянын таныстырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық әншінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 жастағы қазақстандық әнші бұл күндері вокалдық қабілетін ұштауда. Алдағы уақытта оны көптеген түсірілім мен дайындық жұмыстары күтіп тұр.

- "Eurovision Junior байқауына қатысудағы талаптардың бірі - байқауға қатысу үшін ән орындаудан бөлек, видеокомпозиция дайындау керек "Өзiңе сен/ Seize the time" клипі Қазақстанның көрнекі жерлерінің бірі Шарын шатқалында түсірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

- Біз осында отбасымызбен жиі боламыз. Онымен қоса, Евровидение қатысушыларының еліміздегі тамаша жерлерді көргенін қалаймын. Шарын шатқалы ерекше, меніңше, ол клип үшін тамаша жер. (...), - дейді әншінің өкілі.

Данэлия Төлешованы қолдауға және түсірілім жұмыстарын бастауға Дана Орманбаева мен Даут Шайхисламовтың басшылығымен режиссерлер мен операторлардан кұралған кәсіпқой команда кірісті.

Н. Үсенова