Ертең The Spirit of Tengri. "Осы ғажап музыкамен тұтас бір буын ер жетті"

Ертең The Spirit of Tengri. "Осы ғажап музыкамен тұтас бір буын ер  жетті"

Алматы шаһары – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір жерде тоғыстырған мульти-мәдениетті орта. Жергілікті тұрғындар мен қонақтар жүрегінен айрықша орын алған сұлу қаланың осы басты ерекшелігін көрсететін бірегей шара болса, ол – The Spirit of Tengri фестивалі.

Жаздың ең елеулі оқиғасы, яғни, VI The Spirit of Tengri фестивалінің басталуына 1 күн қалды. Ашық аспан астында өтетін концерт 2, 3 маусымда Алматы қаласы Республика сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда (қаланың басты open-air алаңы) өтеді. Сағат 17:00-де басталады. Кіру тегін. 

"Маусым айының 2 мен 3 күндері өтетін  VI The Spirit of Tengri фестивалінде әр тыңдарманды асыға күтеміз. Бұл кезде әдетте арнайы фестиваль үшін Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Израиль сынды елдерден қонақтар келеді. Біздің фестиваль ел шекарасынан асып, оның сыртындағы әлемге таныла бастады. Шындығында The Spirit of Tengri Отанымыздың мәдени визитті карточкасына айналған. Алматыда The Spirit of Tengri біткеннен кейін біз Астанамыздың 20 жылдығын атап өту шеңберінде әлі де 3 фестиваль өткізуді жоспарлап отырмыз. Осылар іске асқаннан кейін Францияның Шампань провинциясына барамыз. Ұйымдастырушылар евразиялық мәдениетті Еуропаға таныстыру үшін фестиваль жасауды ұсынып отыр ", - дейді Alash Media Group медиахолдингінің Бас директоры Батыр Қазыбаев.

"The Spirit of Tengri сынды ауқымды шаралар мемлекет қолдауынсыз жүзеге аспайтыны анық. Мен осы орайда Алматы қаласы әкімдігіне біздің жобамызды қолдағаны үшін алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, фестиваль ұйымдастыруда екінші жыл көмек көрсетіп келе жатқан Magnum Cash&Carry сауда желісін да атап өткен жөн.   Былтыр біз олармен бірігіп The Spirit of Astana өткізсек, биыл - The Spirit of Tengri. Біз бірлесе отырып халықаралық жобаны жүзеге асырып отырмыз. Осы серіктестер көмегінің арқасында The Spirit of Tengri Еуропа, Азия мен Америка территориясында танымал брендке айналды. Мұндай атақ пен танымалдылық қазақстандық париот компанияларсыз мүмкін емес", - деп қорытты сөзін Батыр Қазыбаев.

The Spirit of Tengri жобасының продюсері Мадина Уморбекованың айтуынша, алтыншы жыл ұйымдастырылып отырған шара Қазақстанның мәдени өміріндегі ең айрықша дүние: "Әр жыл біздің халықаралық жобамыздың дамуындағы маңызды кезең болып саналады. Сахнаға үнемі жаңа топтар шығып, фестиваль әлем музыка нарығында айтарлықтай мәртебеге ие болуының арқасында түрлі елдердің топтары оған қатысуды мақсат тұтып, арман еткен! Жыл сайын біздің көрермендеріміздің саны өсе түсуде, олар үшін фестиваль эмоциялық тұрғыдан мереке сыйлайтын ортаға айналды. Халықтарды біріктіретін осындай ғажап музыкамен бірге шығармашылыққа тұнық жастардың тұтас буыны өсті. Біз өз жұмысымыздың нәтижелерін көріп отырмыз, бұл бізді жаңа жобалар жасауға ынталандырады ".

Мадина Уморбекова да Алматы қаласы әкімдігі мен Magnum Cash&Carry сауда желісінің қолдау көрсеткенін баса айтты.

Фестиваль, жоғарыда айтып өткеніміздей,Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі – "Magnum Cash & Carry" компаниясы. Фестиваль Tez Tour Kazakhstan туроператорының қолдауымен өтеді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақүйі күтеді. KZ Sound компаниясы фестивальге техникалық қолдау көрсетеді. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары фестиваль кезінде Қазақстанға Франция, Израиль, Испания, Австралия, Нигер Республикасы, Буркино-Фасо, Өзбекстан және басқа да елдерден келген түрлі ethnoworld-ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұрынғы топтармен қоса, биыл Speed Caravan африкалық арабиялық ұжымы, израильдік Q2A тобы, өзбекстандық Abbos жобасы фестивальге қатысатындарын растады.

Әр жаз сайын Алматы қаласы Республика сарайының алдында өтетін музыка мерекесін жыл бойы күтетін көпшілік бірнеше күн бойы жан тебірентер сазды әуенге еліте, құмары қанғанша билейді. Әлем елдерінің этникалық салт-дәстүрін Қазақстан жерінде таныстыратын мәдени жобаға аса контрастты қонақтардың жиылуы әдетке айналған. Олардың қатарында кәрі де, жас та, түрлі ұлт, ұлыс, діни сенім, нәсіл өкілдері де болады.

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақтар мен көрермендер қамтылды. Оның сахнасына 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске салайық, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды.

А. Оралқызы