Музыкалық аспаптарды шаруалар ойлап тапты

Музыкалық аспаптарды шаруалар ойлап тапты

Массагеттіктермен бірге музыкалық инструменттердің пайда болуы туралы аз-кем сұхбат құрып көрелік.

Зейнетке шыққаннан кейін музыкалық аспаптардың пайда болуын зерттеуді хоббиге айналдырған Австралия ұлттық университетінің экс-қызметкері Невил Флетчер бұл тақырыпқа көп бас қатырып, зерттеген. Оның ойынша, бұлардың бәрі кездейсоқ пайда болған дүниелер.

Невиллдің айтуынша, тіптен басқа нәрсені мақсат қылып күні-түні түрлі материалдармен жұмыс жасаған ежелгі адамдар шу мен дыбыстың ерекше қасиетін байқаған.

Шындығына келгенде, бұл аспаптардың қай уақыттан бері жасалып келе жатқандығын дәл айтып беру мүмкін емес. Көптеген ғалымдардың айтуынша, алғашқы музыкалық құрылғылар жан-жануарлардың терісінен жасалған. Бұндай материалдардың уақытқа шыдас бере алмайтындығының себебінен бұл тұрғыда бірдеңе деу қиын.

Осылайша қазіргі заманға дейін тек сүйектен жасалған аспаптар жете алған. Мәселен флейта. Ол шамамен 67 мың жыл бұрын пайда болған деседі зерттеушілер. Ал сазсырнайды осыдан 40−60 мың жыл бұрын неандерталдықтар ойлап тапқан.

ыв

Қазақтың сазсырнайы мен орыстың "Половецкая бабасы"

Ең ежелгі арфалар мен лиралар шумерлік Ур қаласындағы қазба жұмыстары кезінде табылды. Бұлар біздің заманымызға дейінгі 2600−2500 жылдары жасалған болып шықты.

ва

Арфа

Флетчер мырзаның айтуынша, барлығы табиғатпен арпалысудан басталды. Мәселен ғалымның туған халқының ұлттық аспабы диджериду осыдан 10 мың жыл бұрын пайда болған. "Ортасын термиттер жеп тастаған эвкалиптті аузына салып үрлеу туралы ой бір бейбақтың басына келген. Диджериду осылайша пайда болды деп пайымдауға болады", - деді ғалым.

Австралиялықтар бұдан бөлек таяқашарды бір-біріне ұру арқылы көркем дыбыс шығару техникасын да ойлап тапқан. Басқа мәдениет өкілдері де ағаш діңгегін бұтақпен ұру кезінде әдемі дыбыс шығатындығын байқаған. Бұтақтың ұзындығына байланысты шығатын дыбыс та әрқилы болады. Осылайша ксилофон да пайда болған.

df

Ксилофон

Қола дәуірі басталғаннан кейін пьютер, жез, қола секілді балқымалар қылыш, қорғаныс киімдерін құю үшін пайдаланылды. Соғыстар да осылайша шулы бола бастады. Осы кезеңдерде біреу қола дулығаға қола қылыш тиген кезде әсерлі дыбыстың шығатынын байқаған. "Осылайша қоңырау да пайда болды", - деп пайымдайды Флетчер.

Күй шашу. Домбырада орындаған "Серпер" ансамблі

Ағаштан жасалған ішекті аспаптар (домбыра, қобыз, скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано, гитара) садақтан негіз алыпты. "Адырна ән салады" деген сөз жайдан-жай шыққан жоқ қой. Адырналар жануарлардың ішектерінен жасалған. Кейінірек музыкалық аспаптарда металдар мен полимерлер пайдаланыла бастады", - деп ой қорытады ғалым.

Композицияны арфада орындаған Emmanuel Ceysson

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: veesta.cn, fotki.yandex.ru, liveinternet.ru, zonazvuka.ru