Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Қазақстанда батыстық деңгейдегі студия ашылды

Қазақстанда батыстық деңгейдегі студия ашылды

Қазақстанда батыстық деңгейдегі студия ашылды

Алматыда жаңартылған «Diana recording studio» дыбыс жазу студиясы ашылды. Орталық соңғы технологиялармен қамтамасыз етілген.

Осы орайда өткен баспасөз мәслихатына студияның бас маманы Mr. Akis Ziak, «Негры» тобының солисті Диана Шарапова, сонымен қатар, Music Pop Festival Discovery бәйгесінің лауреаты, музыкант Денис Беляев қатысты. "Студиядағы құрылғыларды біз 10 жыл бойы жинадық. Әлемдік деңгейге дейін көтерілуді мақсат қылғандықтан, бұл тұрғыда ақша үнемдеуге тырысқан жоқпыз. Тек фирмалық аппаратураларды сатып алдық: Neumann, Yamaha, Apple, Avid. Қатарымызма Акисті қостық. Ол біздің ұжымға көптеген жаңалықтар әкелді. Мастеринг, музыканы баптау тұрғысынан көп нәрсе үйрендік", - деді Беляев журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетелік, Mr. Akis Ziak-тың Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніне 9 ай уақыт болыпты. Осы мерзім ішінде студияның қызметін Шахзода, Інжу, Ақкенже, Лайма Вайкуле секілді әншілер пайдаланып үлгерген. 

ва

Баспасөз мәслихатынан соң, жиылғандар студияны аралап экскурсия жасады. Ғимараттың негізгі бөлмелері матрешка принципі бойынша орналасқан. Құрылыс жұмыстары кезінде металл пайдаланылмаған. Студиядағы дыбыс жазу сапасының жоғары болуының басты себебі осымен түсіндіріледі. Экскурсия барысында Mr. Akis Ziak реал уақытта дыбыс жазып, оны басқа студияларда жазылған дауыстармен салыстырып көрсетті. 

Сөз соңында Mr. Akis Ziak Қазақстанда жұмыс істеудің өте жағымды екендігін айта отырып, бұдан былай елдегі кез келген музыкант шет елге шықпай-ақ батыстық деңгейде дыбыс жаза алатындығын қуанышпен жеткізді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: bnews.kz

4339 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 қазан 2012, 13:10
Пікірлер
+0
24 қазан 2012, 14:25

Диананың дауысы ерекше. Мына студияның ашылғаны жақсы болыпты. Тек қызметі де қымбат шығар

+0
25 қазан 2012, 09:40

Диананың ерекшелігі бар, бірақ кейде тым кетіп қалады

+0
30 қазан 2012, 00:40

Сәлем, Достар! Диана Шарапова мен Аллаберген Жақсыбаевтың айтқан "Дайдидау" әні болса поштаға жіберіңдерш. Өте керемет орындалған!!! mr.dauyl@mail.ru

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...