Заманауи электронды музыка мұражайы

Заманауи электронды музыка мұражайы
Фото: vk.com

Франкфуртта "Frankfurt's Museum Of Modern Electronic Music" заманауи электронды музыка мұражайы ашылады.

Мұндай мұражайдың ашылатыны туралы 2015 жылы хабарланған болатын, ал ашылуы тек биыл ғана жүзеге асқалы отыр.

Көктемде тыңдарман назарына ұсынылатын жаңа концепция тұрақты орын табылғанға дейін арт кеңістікте орналасатын болады.

Онда электронды музыка өнеріне бағытталған көптеген көрмелер мен шоукейстер, фильмдер мен лекциялар болады. Мұражай қамтитын территория мынадай аймақтарға бөлінеді: тарих, аспаптар мен технологиялар, электронды музыка стильдері, дизайн, өнер, сән және жаһандық қозғалыс.

А. Оралқызы