Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / A'Studio-ның концертінде ине шаншар орын болмады

A'Studio-ның концертінде ине шаншар орын болмады

A'Studio-ның концертінде ине шаншар орын болмады

Көркемдігі жоғары бейнеинсталляция, 3D эффект, хореографиялық қойылымдар, сапалы жарық пен дыбыс және жанды дауыс. Aлматыда А'Studio тобының 25 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

Мұндай деңгейдегі концерт елімізде өте сирек өтеді. Әрі бұл думан шетелдік емес, өзіміздікі саналатын өнер ұжымының кеші. Сахнаны көркемдеу үшін Ресейден 50 адам ұшып келген. Концерт домбыраның үнімен ашылды. Бұдан соң топтың күллі посткеңестік кеңістікке танымал болған әндері бірінен-соң бірі орындала бастады. Белгілі хиттерді топ мүшелерінің өзі емес, олардың өнердегі достары шырқады. Меймандардан сахнаға алғаш көтерілген кіші Владимир Пресняков халықпен жылы амандасып, қыз баланың даусын салып, бір еркелеп алды. Микрофонының жұмыс істемей қалғанына өкпелемеді, керісінше, «микрофонсыз да айта берем» деген ишара танытты. Топты әнімен құттықтауға уәде берген Роза Рымбаева концертте көрінбеді. Есесіне, Батырхан Шүкенов, Tomas Nevergreen, L дуэті мен The Jigits тобы жанды дауыстағы өнерімен аудиторияның қошеметіне бөленді. Қылықты қыз  Кети Топурияны көрермендер тегіс қолдап отырды. A'Studio-ның мерейтойлық концерті мұның алдында сәуірдің 23-інде Кремльде өткен екен. Филипп Киркоров бұл кешке «әлемдік деңгейдегі думан» деп баға берген. Республика сарайына сол концертте қолданылған бай сахна мен озық жабдықтар әкелінді. Бейнелі инсталляциясы әуенмен бірге түрлі қиялға жетелейтін мұндай сапалы сахна Алматыда бұрын-соңды болған емес. Концерт билетінің арзан болмағанына қарамастан, залда ине шаншар орын табылмады. «A'Studio әндерімен бірнеше ұрпақ тәрбиеленіп келеді. Саясаткерлер, басқалар келіп-кетеді, өмір өзгереді, бірақ бұл топтың музыкасы мәңгіге қалады. Сіз бен біз тарихта қалатын A'Studio-ның шығармашылық дәуірінде өмір сүріп отырғанымызға мақтануымыз керек», дейді «Муз-ТВ» телеарнасының музыкалық директоры Арман Дәулетияров.

Байғали Серкебаев, A'Studio тобының продюсері, композитор, пернеші:
"Бас гитарист Володя екеумізге Алматыда концерт беру әдеттегіден екі есе үлкен жауапкершілік. Өйткені бұл қалада біздің топтың шығармашылық жолы басталды. Бойымызда жағымды толқу бар. Дегенмен, қазақстандықтар үшін өнер көрсету  біз үшін мереке. Бізге әрқашан қолдау білдіретіндеріңіз үшін көп рахмет!"

Владимир Миклошич, топтың бас гитарисі:
«Бізден сахнада толқисыздар ма?» деп сұрап жатады. Біздің шығармашылықта жүргенімізге ұзақ жыл болғандықтан, бүгінде сахнаға әлдекімдердің автобусқа мінгені сияқты еркін шығамыз. Дегенмен, бір ғана қалада бізді айрықша толқыныс билейді, ол  Алматы. Беретін концертіміздің үлкен, кіші екеніне қарамастан, туған қаламызда, туған адамдарымыздың алдында үнемі қобалжимыз. Алматыда ауқымды концерт беруді бақыт деп санаймыз».

Автор: Болатбек Мұхтар

сурет автордікі

3590 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 14:58
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 14:09

Концертті домбырамен ашып, оңай құтылған екен бұлар :D

+0
10 қазан 2012, 15:05

Мықты бетке ұстар тобымыз ғой

+0
10 қазан 2012, 16:18

Салем барине! сол концертке баргым ак келип еди бара алмадым((

+0
10 қазан 2012, 18:29

Батырдың орны бөлек дегенмен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...