Заманауи сипаттағы қазақ әншілерін танисыз ба?

Заманауи сипаттағы қазақ әншілерін танисыз ба?
Фото: коллаж

Әлемде бір тілде сөйлеп, оңай түсінісетін бір ғана нәрсе бар. Ол — музыка. Соған қарамастан оның құрылуы, орындалуы мен қабылдануына байланысты түрлі стильдерге жіктейміз. 60-90 жылдары ата-анамыз үшін хит болған джаз бен рок әндерді қазір санаулы адамдар ғана тыңдайды. Бүгінде поп жанрының дәурені дүркіреп тұр.

Қазақ эстрадасындағы әндердің көпшілігін халық «арзан әндер» деп бағалап жатады. Өйткені, басым көпшілігі тойға арналып жазылғанын тілге тиек етсе, кейбірі көрші елдерден «ұрланған» әндер деп сөгеді. Дегенмен, музыканы шынайы серігі ретінде қабылдап, өзінің ерекшелігімен халық жүрегінен орын тапқан әншілер бар. Оның бір қатарын сіз танымауыңыз әбден мүмкін.

Ғалымжан Молданазар

Қазақстандағы синти поп жанрында орындаушылар арасында халықтың көзайымына айналып, тыңдарман жүрегінен орын таба білген әншінің шығармашылығы зор сұранысқа ие.

M’Dee

Әннің сөзін де, әуенін де өзі жазып, өзі орындайтын жас әншінің бағын ашқан инстаграм желісі десем, сенер ме едіңіз? Бірнеше аспапта шебер ойнайтын таланттың әттеген-айы сол — шығармашылығы қазақша әндерден гөрі, орыс және ағылшын тіліндегі әндерге толы.

IFly

Қазақтың байырғы әндерін заманауи аспаппен өңдеп, сұранысын арттыруға себепші болып жүрген жас таланттардың  шығармашылығын сіз де тыңдап, бағасын беріп көріңіз.

Mercury Cachalot

Ішкі сезімін музыка арқылы жеткізетін Мерей Алимқұлова өзін «Меркурий» деп атайды. Ол үшін ән жазу демалыс іспеттес. Бойындағы қуанышын, мұңын музыкамен тербете білген арудың әнің тыңдап еріксіз ой құшағына енесіз. 

Far in Gate

Бұл жастар сахнаға енді ғана шыға бастады. Олардың ең сүйікті ісі – музыка. Ғашығы да – музыка. Олардың өздері де – музыка. 

Т. Есқали