Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / The Spirit of Tengri мемлекеттік деңгейдегі жобаға айналды – Вячеслав Ким

The Spirit of Tengri мемлекеттік деңгейдегі жобаға айналды – Вячеслав Ким

The Spirit of Tengri мемлекеттік деңгейдегі жобаға айналды – Вячеслав Ким

Биыл The Spirit of Tengri фестивалі бес жылдық мерейтойын атап өтеді. Вячеслав Ким барлығын еске ала отырып, The Spirit of Tengri фестивалінің бірінші жылдың өзінде-ақ өзінің тек қалалық жоба ретіндегі маңыздылығын емес, мемлекетіміздің мақтанышы бола алатын музыкалық іс-шара екенін көрсете алғанын айтып өтті.

"Фестивальді алғаш рет өткізгенде біз бұл форматтың адамдарды қалай тартатынын көрдік. Сол кезде біз әрі қарай осы жобамен бірге жұмыс істеу керек екенін түсіндік. Қуанышымызға орай, Tengri FM командасы керемет туынды шығара алды. Осы бес жыл фестивальдің дамып, күшеюіне қажет болды. Қазір тіпті осы фестивальдің Ресейде, Мажарстанда және басқа елдерде көшірмелері бар. The Spirit of Tengri Қазақстан шекарасынан бұрыннан асып кетті және ол қазіргі уақытта мемлекеттік деңгейдегі жоба саналады. Меніңше, мемлекет Қазақстанның және Еуразия елдерінің әсемдігі мен алуан түрлілігін аша алатын мемлекеттік деңгейдегі жобаларға назар аударуы керек",– деді Вячеслав Ким.

Өз кезегінде "Kaspi Bank" АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе The Spirit of Tengri жобасын қолдау туралы бастамаға фестивальдің компания құндылықтарына толықтай сәйкестігі себеп болғанын атап өтті. 

"Біздің команда үнемі адамдардың өмірін жақсартатын қызмет көрсету түрін жасауға тырысады. Сондай-ақ, бізде адамдардың өмірін жақсарту деген сөз музыкамен, қуанышпен және жағымды эмоциялармен байланысты. Бұл бір сөзбен айтқанда біздің компаниямыздың идеологиясы әрі құндылықтары. Сондықтан біз осы фестивальді барынша қолдаймыз және алматылықтарға осындай тамаша іс-шараға тегін қатысуына ерекше мүмкіндік беруге қуаныштымыз", - деді "Kaspi Bank" АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. 

Бүгінде The Spirit of Tengri фестивалі Еуразия аумағында этникалық музыка стиліндегі ірі музыкалық іс-шаралардың бірі болды. Бұл фестиваль тек Франция елінен кейін қалып тұр, онда іс-шараға шамамен 70 мың адам келеді екен. Ал қазақстандық жоба 20 мыңнан аса адамды жинайды.  

The Spirit of Tengri фестивалінің басты ерекшелігі – іс-шараның достық қарым-қатынаста өткізілуі. Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаевтың айтуынша, фестивальдің құпиясы – оның бүкіл халықтың этникалық музыкаларын біріктіруінде. "Фестивальде фолк-музыканың орындалуы – бұл біздің алғашқы музыкамыздың түп-тамыры, біз одан аттап кете алмаймыз. Бұл музыканы білмесек те, біз тоқтап, оны тыңдаймыз. Меніңше, фестивальдің құпиясы осында. Сондықтан бізге жыл сайын осыншалық адам келеді", – деді Батыр Қазыбаев. 

The Spirit of Tengri фестивалінің ерекшелігі тек музыкасында емес, фестиваль кезіндегі белсенділікте. Биыл да қонақтарды Республика сарайы алаңында түрлі елдің шеберлері жасаған бірегей туындыларды алуға мүмкіндік күтіп тұр. Сонымен қатар, фестивальге келген қонақтар арнайы аумақта тамақтана алады.

"Қазақстанға келетін адамдардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Биыл тамаша командалар өнер көрсетеді. Біз асыға күтіп отырған және аудиториямызға тамаша музыкалық кеш өткізгіміз келетін таңғажайып екі күн болмақ", - деді Батыр Қазыбаев.

Жақын арада этникалық музыканы тек алматылықтар емес, астаналықтар да тыңдай алады. Себебі The Spirit of Tengri фестивалі Астанада EXPO-2017 көрмесі аясында өткізіледі. Мәдениет министрлігімен біріге отырып Nomad Way бес күндік фестивалін және елорда әкімдігімен бірігіп The Spirit of Astana кеші өтеді. 

"Астана осы фестивальді жылдар бойы күтті. Бізге елордада The Spirit of Tengri фестивалін өткізу туралы көптеген хаттар мен  пікірлер келіп жатты. Астаналықтарға осы фестиваль ұнайды деп сенемін, ал кейінірек басқа қалаларда да Spirit of Tengri фестивалін өткізбекшіміз. The Spirit of Tengri фестивалін елімізді танымал ететіндей мемлекеттік жобаға айналдырайық. Себебі мәдени жобалар еліміздің беделіне экономикалық және қаржы мәселелерінен кем үлес қоспайды", – деді Батыр Қазыбаев. 

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері – "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары. 

Фестивальдің бас серіктесі – Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін. 

126 0
Рейтинг: +2

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 18 мамыр, 10:28
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...