Димаш Голливуд актрисасы Лонгориямен бірге Париждегі кештің басты жұлдызы болды (аудио-подкаст)

Димаш Голливуд актрисасы Лонгориямен бірге Париждегі кештің басты жұлдызы болды (аудио-подкаст)
Фото: instagram.com

Димаш Құдайберген Голливуд жұлдызы Ева Лонгориямен бірге Париждегі кештің басты жұлдызы болды, деп хабарлайды Massaget.kz. Қытайдағы I am a singer конкурсынан кейін танымал болған Димаш Құдайберген Франциядағы Global Gift Gala кешіне қатысып, ән шырқады. 

Global Gift Gala – мұқтаждарға қаражат жинау, балалар, отбасылар және әйелдердің құқық аясын кеңейту проблемасын түсінуге ықпал жасауға арналған халықаралық бастама. Бұл платформа бизнесмендердің, танымал адамдардың және филантроптардың басын қосады. Шараны Голливуд жұлдызы, америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырды. Димашты гала-кешке Ева Лангорияның өзі шақырған. 

Димаш және Ева

Димаш Ева Лонгориямен бірге би билеп, ән шырқап, кештің басты жұлдызы болды. Димашпен бірге шараға Мария Браво, Памела Андерсон сияқты әлемдік жұлдыздар қатысты. 

Естеріңізге салайық, 19 мамыр күні Димаш Құдайберген 70-Канн кинофестивалінде ән шырқайтын болады. 

М. Оңғарова