Даңқты "Дос-Мұқасан" тобына ескерткіш қойылмақ

Даңқты "Дос-Мұқасан" тобына ескерткіш қойылмақ

Қазақстандық "Битлз" атанған "Дос-Мұқасан" тобына ескерткіш қойылмақ. Бұл туралы топ продюсері Темірлан Төлегенов айтты.

"Дос-Мұқасан" мүшелерінің мүсіні Көк-Төбеде The Beatles тобының жанына қойылмақ. Ескерткіш қоладан құйылады және өз әріптестері сияқты орындыққа жайғасады.

Топ продюсерінің сөзіне қарағанда, мүсінді қазіргі таңда Виктор Цойдың ескерткішімен айналысып жатқан Бақытбек Мұхаммеджанов жасамақ. Келесі жылы бой көтеретін мүсіндер бір жерде қатар орналасуы мүмкін. Сонымен бірге топ солисі Мұрат Құсайыновпен де келісім жүргізіліп қойған көрінеді.

Жалпы мүсін жасау жұмысы біраз қаржыны талап етеді. Мысалы орташа бір қола ескерткіш құны 80,000-нан 100,000 АҚШ долларына дейін жетеді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com


Б. Қосмағамбет