Димаш француздарды тәнті қылды

Димаш француздарды тәнті қылды
Фото: vk.com

"Singer" ән байқауында жұлдызы жанған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген Францияның "Les Annees Bonheur" бағдарламасында өнер көрсетті. Бұл жөнінде әншінің ресми өкілі Алпамыс Шаримов хабарлады. 

Әлемдік жұлдыздар қатысқан бағдарламаға отандасымыз қонақ ретінде шақырылған. Алпамыс өзінің инстаграм парақшасына: "Европа, дайындал @kudaibergenov.dimash Францияның орталық телеарнасының құрметті қонағы!!! Әлемнің ең танымал жұлдыздары қонақ болған Францияның "France 2" телеарнасындағы #Lesannéesbonheur 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те!!!", - деп жазды.

Бұл жайлы Димаштың өзі де инстаграм парақшасына "Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы боламын! Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні өтеді. Франция уақытымен 20:55-те. Жіберіп алмаңыздар!!!", - деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді. Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды. Әншінің "I am singer" байқауында орындаған әндерін қытайлық пианист Джереми Вонг фортепианода орындады. Оның Қазақстандағы жанкүйерлері қытайлық жанкүйерлерге жауап берді

Ж. Жұмағұлов