Аспандағы жұлдызға Димаштың аты берілді

Аспандағы жұлдызға Димаштың аты берілді
Фото: vk.com

Жанкүйерлер таңғалдырудан жалығар емес. Қытайдың «Singer» байқауында жұлдызы жанған отандасымыз, қазақ елінің мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайбергеновтің қытайлық жанкүйерлері, (Dears) дәлірек айтқанда, Dimash Sisters оның туған күніне жұлдыз сыйлады. 

Димаш енді тек жердегі жұлдыз емес, сонымен бірге аспандағы жұлдызға айналды. 

Кеше ғана қытайлық жанкүйерлер қазақ жанкүйерлеріне өкпе-назын білдірдіОлар Димаштың елге оралғанына бір апта өтсе де, әнші туралы жан-жақты жаңалықтар шықпады, қазақстандық жанкүйерлер белсенділік танытпады, Димаштың қайда, не істеп жүргенін білмей хабарсыз қалдық деп ренжулі. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді. Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды. Сонымен бірге әншінің "I am singer" байқауында орындаған әндерін қытайлық пианист Джереми Вонг фортепианода орындады.

Ж. Жұмағұлов