Димаш: "22 сәуір күні сіздермен Гала концертте кездесемін"

Димаш: "22 сәуір күні сіздермен Гала концертте кездесемін"
Фото: vk.com

Төрткүл дүние көз тіккен "Singer 2017" ән байқауында миллиондаған қалың көрерменді аузына қаратып, 2-орынды иеленген отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергенов инстаграм парақшасында "Singer" жобасының Гала концертіне қатысатыны туралы мәлімдеді.

"...Менің жанкүйерлерім! #TheSinger жобасының 22 сәуір күні тікелей эфирде дайындаған тосын сыйы бар! Дәл осы күні сіздермен Гала концертте кездесемін! Жобаның аяқталғанына уайымдап жүрген жанкүйерлерім үшін бұл тағы бір ұмытылмас күн боларына сенімдімін! Әдемі ән тыңдап, жоба қатысушыларымен тағы бір мәрте жүздесе аласыздар!!! Кездескенше!", - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні Бейжің қаласындағы "Нұрлы Жібек жолындағы қауышу" концертіне қатысып, Beijing Concert Hall сахнасында өнер көрсетті. Ал бүгін "Come sing with me" бағдарламасының түсіріліміне қатысады.

Ж. Жұмағұлов