Димаш Beijing Concert Hall сахнасында өнер көрсетті

Димаш  Beijing Concert Hall сахнасында өнер көрсетті
Фото: vk.com

Күні кеше ғана өткен Қытайдың "Singer 2017" ән байқауында жүзден жүйрік болып, 2-орынды иеленген отандасымыз Димаш Құдайбергенов Бейжің қаласындағы "Нұрлы Жібек жолындағы қауышу" концертіне қатысып, Beijing Concert Hall сахнасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Массагет тілшісі. 

Бейжіңнің жергілікті уақыты бойынша сағат 19:30-да басталған концертке қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, баритон Азат Мәлік, "Шат" фольклорлық ансамблі, Қазақстанның скрипкашылар ансамблі, қытайлық дирижер Тао Фан, Қытайдың ұлттық телевизия және радиосының симфониялық оркестрі мен өзге де әртістер қатысты. 

Димаш бұл концертте "Singer 2017" жобасының 6-кезеңінде француз әншісі Лара Фабианның репертуарынан орындаған "Adagio" әнін шырқады. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні Димаш Құдайберген қытайлық әнші Шан Вэньцземен бірге Майкл Джексонның Earth song және Dangerous атты әндерін орындады. Димаш Құдайбергеннің ерекше сәтті өнер көрсетуі қазақтандықтар мен қытайлықтарды тамсандырып отыр. 

Ж. Жұмағұлов