Димаш ақтық сында өнер көрсетті (Видео)

Димаш ақтық сында өнер көрсетті (Видео)
Фото: vk.com

Қуан, қазақ! Үш айдан бері Қытайда өтіп жатқан "I am singer" ән байқауының ақтық кезеңі де өз мәресіне жетті. Финалда үкілеп қосқан үмітіміз, қазақ елінің мақтанышы, отандасымыз Димаш Құдайбергенов жұбы Лаурэ Шангпен бірге атақты әнші, поп музыка королі Майкл Джексонның Earth Song және Dangerous әнін орындады. 

Димаштың орындауын көріңіздер: 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген "17th China Music Awards "шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесіне ие болды. Қытайдың weibo әлеуметтік желісіндегі ол туралы ақпараттар саны 4 миллиардқа жақындады.

Ж. Жұмағұлов