Димашты қолдауға келіңіз!

Димашты қолдауға келіңіз!
Фото: vk.com

Құрметті Алматы және Астана қаласының тұрғындары! Сіздерді Қытайдың "I am singer" ән байқауында өзінің ерекше өнерімен миллиондаған жұртшылықты тамсандырып, ақтық сынға жолдама алған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергеновты қолдауға шақырамыз. Байқаудың финалы Алматы қаласындағы MEGA ойын-сауық орталығындағы және Астана қаласындағы Silk Way үлкен экранда көрсетіледі. Ақтық сынды отандық "Хабар" арнасы көрсетеді. Отандасымызға бірге қолдау көрсетейік! 

Айта кетейік, Димаш кеше Tmall мобильді қосымшасындағы SHARP жарнама акциясына қатысты. Аталған тікелей эфир 228 миллион лайк пен 60 мың пікір жинады. Бұл Tmall-дың кезекті рекорды. 

Димаш жартылай финалда италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындап, 2-орын алды. Ол ақтық сында қытайлық жұлдыз Шаң Венжемен (尚雯婕) бірге ән шырқайды.

Ж. Жұмағұлов