Димаштың орындауындағы голливудтық "Power Rangers" фильмінің саундтрегі шықты

Димаштың орындауындағы голливудтық "Power Rangers" фильмінің саундтрегі шықты
Фото: vk.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы голливудтық «Power Rangers» фильмінің саундтрегі «Go Go Power Rangers» әнінің толық нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, киноның Қытайдағы дистрибьюторлық компаниясы Weibo әлеуметтік парақшасында саундтрек видеосының 10 секундтық трейлері мен фото-афишасын жүктеген.

Айта кетейік, Димаштың weibo парақшасына жүктелген видеоны бір сағатқа жетпей 500 мың адам тамашаласа, «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде бірден 9-орыннан көрінді.

«Power Rangers» Американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген кино. Киноның алғашқы көрсетілімі 24 наурыз күні Америкада және Тайваньда өтті. Қытайда прокатқа 12 мамыр күні шығады деп күтілуде.

Ж. Жұмағұлов