Бүркіт Испаниядағы қазақстандық студенттерге 100 евродан үлестірді

Бүркіт Испаниядағы қазақстандық студенттерге 100 евродан үлестірді
Фото: kzminusovki.clan.su, Your Vision

Әнші Бүркіт Испанияда оқып жатқан қазақстандық студенттерге көмек ретінде 100 евродан (34 мың теңге) тастап кеткен. Бұл туралы блогшы Әлішер Елікбаев инстаграмдағы парақшасында жазды. "Барселонаға LG G6 презентациясына барған сапарымда Бүркітпен жақынырақ таныстым", – деп жазды Елікбаев. "Жанкүйерлерін жылы қарсы алады, олар Испанияда да бар болып шықты, Барсадағы (Барселона - ред.) қазақстандық студенттердің тұрмысына 100 евродан қалдырды. Яғни нағыз мәрт ағаның әрекетін жасады", – делінген жазбада.

Бүркіт есімімен танылған Айбек Сейітов 1978 жылы Тараз қаласында туған. Қоңыр үнімен, өзгеше әуенімен халықтың ыстық ықыласына ие болған әнші бизнес саласында да зор табысқа жеткен. 

М. Оңғарова