Димаш қызыл кілеммен жүріп өтті (Видео, Фото)

Димаш қызыл кілеммен жүріп өтті (Видео, Фото)
Фото: http://s.weibo.com

Димаш Құдайберген бүгін Қытайдың Шанхай қаласына China Top music Awards марапаттау шарасына келіп, қызыл кілеммен жүріп өтті. Қызыл кілемде Димашты жанкүйерлері ыстық ықыласпен құрметтеп қарсы алды. Отандасымыз бұл шараға тек қонақ ретінде қатыспайды, ол "Азияның ең танымал әншісі" аталымы бойынша бақ сынауда. Марапаттау шарасын 19:30-да Dragon TV арнасынан онлайн түрде көруге болады. Отандасымызға сәттілік тіледік! 

М. Оңғарова