«Алашұлы» тобының құрамы өзгерді

«Алашұлы» тобының құрамы өзгерді
Фото: Afisha nur.kz

Патриоттық бағыттағы топтардың бірі "Алашұлының" құрамы өзгерді. Бұл туралы әншілер топтың Instagram  желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Топтан Ұшқын Жамалбек кетіп, Ерзат Рамазан есімді солист келген. Ұшқын жеке шығармашылықпен шұғылдану осындай шешім қабылдаған. Ерзат болса "Astana Musical" театрының актері. Топ жаңа құраммен ән салып та үлгерген.

"Алашұлы" тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ. Топ негізін қалаған Ұшқын Жамалбек Қытайдың Құлжа қаласынан болса, Мақсат Рахмет пен Байлин Әзімбек Алматының тумалары.

Қазір "Алашұлы" этно-тобының әндері – ұлттық әуенге айналған. Топтың репертуарында "Қара жорға", "Жарапазан", "Махамбеттің жыры", "Ақтанның термесі", "Отан", "Елім менің" сынды ұлттық бояу сіңген 10 шақты ән бар.

Дерек көзі: baistars.kz

B. ZHAQSYMBET