Димаш 8-кезеңде қытайша ән орындайды

Димаш 8-кезеңде қытайша ән орындайды
Фото: vk.com

Қытайдың «Хунан TV» телеарнасындағы «Singer-2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жобаның сегізінші кезеңінде қытай тілінде ән айтады, деп хабарлайды Массагет.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сегізінші кезеңнің түсірілім жұмыстары бүгін басталады. Бүгін байқауға қатысушылар Sina weibo әлеуметтік желісінде өздерінің келесі кезеңде шырқайтын әндерін айтып, жаттығу жасағандарын жазуда. Отандасымыз бұл кезеңде қытайлық танымал әнші Хан Хунның  «Таң атты» When Day Breaks (天亮了) әнін орындамақшы.

Айта кетерлігі, Хан Хун «I am singer» байқауының үшінші маусымының жеңімпазы. Ол жобаның бірінші кезеңінде өзінің «Таң атты» әнін шырқап, бірінші орын алған.

Димаш қытайлық БАҚ-тарға берген сұхбатында Хан Хунды жақсы білетінін, сондай ақ, оның әндерін жақсы көретінін айтқан болатын. Отандасымыз бұл әнді «I am singer» жобасына қатыспай тұрып орындаған еді.

Хан Хунның орындауын көре отырыңыздар:

Еске сала кетейік, жобаның жетінші кезеңі 4 наурыз күні эфирден көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш  өзінің төлқұжатына айналған "Дайдидау" әнімен үшінші орыннан көрінді. 

Ж. Жұмағұлов