Лондонда Дэвид Боуидің құрметіне ескерткіш орнатылмақ

Лондонда Дэвид Боуидің құрметіне ескерткіш орнатылмақ
Фото: vk.com

Өнер ордасы Лондонда алып найзағай бейнесіндегі жаңа ескерткіш орнатылмақ. Ол ұлы музыкант Дэвид Боуиге арналады. Дарын иесі дүниеге келген Брикстон аймағында оның Aladdin Sane альбомының мұқабасындағыдай көк-қызыл түсті найзағай ескерткішін орнату жоспарлануда. Ол үшін £ 990 000 қаржы табу көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, атақты музыкант Осыдан бір жыл бұрын белгілі музыкант Дэвид Боуи 69 жасқа толған туған күнінде Blackstar атты альбомының тұсаукесерін жасаған болатын. Күйтабақ сатылымға шыққан күннен-ақ Billboard чартының бірінші қатарынан орын тепті. Ал автор тұсаукесерден кейін екі күн өткен соң көз жұмды. Оның тыңдармандары соңғы альбомды музыканттың қоштасу сыйы деп қабылдады. 


А. Оралқызы