Әлемнің әр түкпіріндегі қарапайым халық Димаш Құдайбергенов жайлы не дейді?

Әлемнің әр түкпіріндегі қарапайым халық Димаш Құдайбергенов жайлы не дейді?
Фото: Nur.kz

Димаш Құдайберген – қазақ сахнасының ғана емес, әлем сахнасының жұлдызына айналып үлгерген азамат. Әнші. Жай әнші емес контральто, сопрано түрімен ән салатын қабілетті, дарынды әнші. Қытай елінде өтіп жатқан "Мен әншімін" байқауының кезеңдерінен сүрінбей өтіп келе жатқан отандасымызға деген ықылас ерекше. "Мен әншімін" байқауының ережесіне сай нақышына келтіріп ән орындап жүрген Димаш туралы әлемдегі жұлдыздар мен белгілі тұлғалар пікірлерін де беріп үлгерді. 

Сіздерге жас әншіге өз бағасын берген қарапайым халықтың пікірін көрсетеміз. "Youtube" әлеуметтік желісінде Димашқа таң қала, ғашық көздерімен қараған адамдар қаншама?! Тіпті өздеріне ұстай алмай айғайға салып жатқандары да бар. Бұл да болса, елдің ұланы жасап жатқан ерлік. Видеоларға көз жүгіртіп көріңіз.

Димаштың орындауындағы әнге елітіп отырған қыздың түрінен қалай таң қалып отырғанын байқауға болады. Тіпті өзін ұстай алмай отыр.

Ал бұл жерде екі қыздың шынымен ішкі таңданыстарын жасыра алмағанын тіпті шыңғырып жіберген дауыстарынан байқауға болады. Әлемді әнімен таң қалдырған Димаш Қазақстандағы мәдениеттің қандай деңгейде екенін көрсетіп берді.

Үш бірдей қыздың Димашқа махаббат көздерімен қарап, оған деген шынайы сезімдерін білдіріп отырғандарын байқайсыз. Себебі дауыс, нотаның ырғағы оларды осы күйге жеткізді. Дауысы да, өзі де ғашық болуға лайық жігіт.

 Үндістандық бұл азаматтың таң қалуы да қызық. Әнге еліткені сонша өзінің ішкі қуанышы мен таң қалысын жасыра алмай отыр.

М. Ақан