Игги Поптың әні "Оскарға" ұсынылады

Игги Поптың әні "Оскарға" ұсынылады
Фото: www.iggyandthestoogesmusic.com

Режиссер Стивен Гейганның жаңа фильмінің желісі болған оқиға негізінде түсірілген.  Аталмыш фильмде басты рөлді голливуд актері Мэттью Макконахи ойнайды. Оқиға ісі құрдымға ұшырап, алтын көзін табу мақсатында оңтүстік Азияға аттанған Кенни Уэльс туралы.

"Gold" фильмі бірнеше номинация бойынша "Оскар" сыйлығына ұсынылмақ. Солардың бірі – фильмге арналған саундтрек. Оны Игги Поп пен продюсер Danger Mouse жазған. 

Фильмнің әлемдік көрсетілімі 2017 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. Сондықтан рок музыканттың "Оскарға" ұсынылған әнін әлі естімегендер де бар. Желіге жақында ғана шыққан туындыны бірге тыңдайық, оқырман!

А. Оралқызы