Sting: Таңғажайып бір күні

Sting: Таңғажайып бір күні
Фото: vk.com

Time is up, the planet’s sick.
Sting

Sting — британдық музыкант, әнші, ән авторы, мульти-инструменталист, активист, актёр және филантроп. Қазіргі таңда сахнада өнер көрсетіп жүрген көптеген музыканттардың кумирі болған айрықша дарын иесі.

Британдық белгілі музыкант Sting өзінің One Fine Day аталатын композициясына бейнебаян түсірді.

Аталмыш трек әншінің 57th & 9th  аталатын 12-ші альбомына енген болатын.

Күйтабақ жақында ғана таралымға шықса да,   UK Albums Chart  чартында алдыңғы қатардан бой көрсетті.

Sting тыңдармандарын соңғы рет бірден 3 әннің тусауын кесу арқылы қуанқан болатын. Олар: I Can't Stop Thinking About You, 50,000 мен Petrol Head.

Ендеше, әлемді аузына қаратқан әншінің жаңа композициясына түсірілген бейнебаянды бізбен бірге тамашалаңыздар, оқырман!

P.S.

... Таңғажайып бір күні, адамзатқа ес кірер...
... Қартайған мына әлемді, құтқаратын жол табар...

 

А. Оралқызы