Ең жылдам рэпер Eminem емес...

Ең жылдам рэпер Eminem емес...
Фото: Alchetron

Рэп жанрының сойылын соғып, ырғағы мен әуеніне қатар түсіп, өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген, әлемге танымал рэпер – Eminem. Оның «Rap God» туындысы рэп жанрына әкелген зор өзгеріс болды. Бірақ ең жылдам рекордтық көрсеткішті қойған, ағылшын рэперіне дейінгі және одан кейін де әлемге аты «Ceza» деп танылған түрік рэпері – Билгин Озчалкан. 

Билгин Озчалкан (лақап аты «Ceza») – 1976 жылы 31 желтоқсанда Түркияның Стамбул қаласы, Ускюдар мекенінде дүниеге келген.
1995 жылы рэп әлеміне топ ете түскен жігіттің атағы бүкіл түрік еліне танылды. «Holocaust» атты туындысын орындағаннан кейін оның алдына түсетін рэпер болмады. Себебі ең жылдам рэп ретінде рекордтық көрсеткіш болып тіркелді.

Түр-тұлғасы да Эминемге келетін Билгиннің бүгінде миллиондаған тыңдарманы бар. Кейбір рэп сарапшыларының айтуынша: «Нағыз рэп дәл осылай тез, түсінікті әрі ритммен айтылуы керек».  

Сіз не дейсіз, тыңдап көріп бағасын беріңіз.

М. Ақан