Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Алтыныма" әні кімге арналған?!

"Алтыныма" әні кімге арналған?!

Махаббат тақырыбында жазылған әсем әндердің бірі – «Алтыныма». Бұл әннің әуенін Әсет Бейсеуов, сөзін Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған. Ән өткен ғасырдың 60 жылдарында жарық шығып, кеңінен тарап, танымал әнге айналған.

Әнмен бірге әннің шығуына қатысты қаңқу сөздер де көптеп кетеді. Әр тыңдарман «Әсет «Алтыныма» әнін кімге арнап жазған?!» деген сауалға жауап іздестірді. Бұл әннің шығу тарихына байланысты бірнеше деректер бар.

Ән әнші Алтын Әліпбаеваға арналған

Өткен ғасырдың 60-70 жылдарында тыңдарман қауымын тау бұлағындай сыңғырлаған әсем даусымен тәнті еткен әнші Алтын Әліпбаева 1965 жылы Кеңес Көкеев деген азаматқа тұрмысқа шығады. Жас жұбайлардың тойына тарту ретінде Әсет Бейсеуов «Алтыныма» әнін шығарған екен. Ел арасында «Әсеттің өзі әнші Алтынға ғашық болған» деген сөздер өршіп кетті. Алайда, мұның қаншалықты рас екені белгісіз.

Әсет әнді Алтын есімді басқа қызға арнаған

Әсет Бейсеуовтың ең жақын досы, ақын Досан Жанбота бір сөзінде: «Алтыным» әні тәрбиелі, көкем мінезді, сұлу қызға арнаған. Ол қыздың аты – Алтын еді» деген еді.

«Алтыным» әні тапсырыспен жазылған

Әсет Бейсеуовтың Мұрат Сыздықов деген он жас кіші досы болған. Бірақ, сазгер Мұқатты інісіндей көрген. Аға-інілі қарым-қатынас орнатып, өзара сыйласы, жақсы араласып кеткен. Бір күні Мұқат сазгер ағасына жолығып: «Алтын деген қызға ғашық едім. Сезімімді білдіргім келеді, соған арнап бір ән жазып берсеңіз» деп қолқа салады. «Олай болса, мен Алтынды көруім керек» деп Алтынмен танысу керектігін айтады. Кейін кездесіп, жүзін көрген соң: «Ән арнайтын қыз екен. Сөзін Нұрсұлтанға жаздырайын» деп уәде береді. Бір аптадан кейін ән дайын болады. Алғашқы орындаушысы Әсет Бейсеуовтің өзі музыкалық жетекші болып істейтін «Гүлдер» ансамблінің әншісі Жәміш Мұсылманқұлова болды.

Ән Нұрсұлтан Әлімқұловтың тағдырына тікелей қатысты

«Алтыныма» әнінің ең әуелі мәтіні шыққан деседі. Мәтін авторы Нұрсұлтан Әлімқұлов Алтын есімді қызды кездестіріп, ғашық болады. Көп ұзамай екеуінің басы қосылып, шаңырақ көтереді. Алайда, өкінішке орай, сегіз айдан кейін жас жұбайлар екі жаққа кетеді. Осы кезде Нұрсұлтан Әлімқұлов «Алтыныма» деп өлең шығарады.

Бұл бір әннің шығуына қатысты ақын-сазгерлермен дәмдес болған жандардың айтқан деректері. Қаншалықты рас, қаншалықты өтірік екенін дәл айту қиын. Бір белгілісі, әннің шығу тарихына қатысты бар шындықты Әсет те, Нұрсұлтан да өзімен бірге ала кетті.

Қалай болғанда да, «Алтыныма» әні қазақ әндерінің арасындағы ерекше туындылардың бірі. Бұл әнді білмейтін жан жоқтың қасы. Алғашқы әуенінен бастап ырғалып, қосыла шырқап кетеді. «Алтыныма» әні талай ғашықтың қосылуына да ықпал еткені сөзсіз.

 «Алтыныма»

Сөзін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов

Теңіз болып толқыдың да шалқыдың,
Айдынымда шағалам боп қалқыдың.
Гүлім болып жайнап өскен жайлауда,
Самал болып аймаладың, алтыным, алтыным.

Бірге өткіздік талай күнді бал-шырын,
Сымбатыңа, сөздеріңе балқыдым.
Бұлбұл болып көңілімде сайрадың,
Жұлдыз болып жарқырадың, алтыным, алтыным.

Тамашалап сұлу бақты, тау суын,
Ортаға сап бөлуші едік жан сырын.
Оралмасқа кетті ме әлде сол күндер,
Сағындым ғой, кайда жүрсің, алтыным, алтыным.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Сурет: vk.com

5981 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2012, 10:47
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2012, 11:18

әдемі ән)

+0
25 қыркүйек 2012, 11:39

өте керемет ән!

+0
25 қыркүйек 2012, 16:53

Алтыныммммм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...