Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Оңтүстіккореялық клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекорд орнатты

Оңтүстіккореялық клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекорд орнатты

Оңтүстіккореялық клип YouTube-та

PSY-нің орындауындағы "Gangnam Style" әні аясында түсірілген клип YouTube-та "ұнады" батырмасы арқылы жаңа рекордқа бастама болып отыр. Аталған бейнебаянды әлемнің әр түкпірінен 2,2 миллионға жуық жан баласы "ұнады" деп шерткен екен.

Айта кететін болсақ, жаңа үлгіде түсірілген клип 2012 жылдың 15 маусымында хостингте пайда болған болатын. Қазірдің өзінде көпшіліктің көңілін өзіне қаратқан бейнебаян 1,6 миллион рет ұнап үлгерген "LMFAO Party Rock Anthem" клипін артта қалдырды. Ал Джастин Бибердің орындауындағы "Baby" әні 1,3 миллион ұнатушысымен тізімнің үздіктер қатарын қорытындылап тұр.

Рекордтың ауылында жүрген клип Гиннестер кітабына кіріп отыр. "Сіз бұрын-соңды мұндайды көргеніңіз бар ма? Бұдан бірнеше жыл бұрын YouTube-тағы бейнебаян миллионға жуық көрсеткішке ие болады деп ешкім ойламаса керек-ті. Ал "Gangnam Style" клипі осы көрсеткішті үш-ақ айдың ішінде екі есе өсіріп тіркетіп отыр"  - деп Гиннестің рекордтар кітабының менеджері Дэн Барретт ағынан жарылыпты. 

сурет:popdust.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

503 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 12:00
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2012, 12:38

Қарапайым клип, қарапайым ән, қалайша осындай биікке шыққаны түсініксіз.

+0
24 қыркүйек 2012, 13:04

соны айтам, соған қарағанда билегені ұнаған да...

+0
24 қыркүйек 2012, 14:56

қажырлы еңбекке берілген шынайы баға!

+0
24 қыркүйек 2012, 16:07

күлкілі видео ғой :lol:

+0
24 қыркүйек 2012, 16:13

хе дейсің

+0
24 қыркүйек 2012, 17:38

опа ганга стайл)))))

+0
24 қыркүйек 2012, 17:46

Аттың биі біздің ұлттық би болу керек еді :lol:

+0
24 қыркүйек 2012, 18:37

https://www.youtube.com/watch?feature=endscreen&NR=1&v=wcLNteez3c4 мына клиптегі қыздың дауысы сондай нәзік :mrgreen:

+0
14 қазан 2012, 00:45

magan basinda unagan arberden kein modadan kaldi negizi jaksi an tek oni dostarinmen karagan duris siakti :)

+0
14 қазан 2012, 10:25

"Осындай әлемдік марапатқа ие боп жатқасын елі де құрмет көрсетіп жатқан шығар, жастары риза боп, шоу-бизнесі шулап жатқан шығар қуаныштан, жеңісін бұлдамай парасатты Псай жүрген шығар" деееееп ойлап жүрсем, о қалқам Леди Гагаға пародия жасайм деп киелі сахнаға санын жалтыратып шығып жүр, шынын айтсам еркекке мүлде кешірімсіз ол. "мақтаған қыз" енді ол маған, бейнебаянына көңілім суып қалды...

+0
14 қазан 2012, 15:56

маған тіпті ұнамаған, бәрі шулап жүргесін көрейінш дееееп көрсем в общем........ :? :|

+0
27 қазан 2012, 00:49

Куштиии гой)))конилинди котереди,тура клиптегидей билеп кориниздерши жок конилиниз жузге асады))))))рас айтам!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...